Сейсенбі, 18 қараша, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Халық сөзі – басты бағдар

18.11.2025

23 0

Сөзі тыңдалған жұрт дамуға бір қадам бастайтын елдің көрінісіндей. Ел мәселесін кабинетте отырып емес көзбе-көз жүздесіп халықты тыңдай отырып шешу жетістікке бас­тайтын жол іспеттес. Осы­ған орай қала басшысының елмен кездесу өткізуі  жүйелі түрде өткізіліп отырады.

Тұрғындардың талап-ті­лек­терін тыңдап, олардың ше­шiлуiне ықпал ету мақсатын­­да шаһар басшысы Нұржан Ахатов «Amanat» партиясы­ның қалалық филиа­лында аза­маттарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, жол, газ, жарық, кәсіп­керлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.

Қала әкімі Нұржан Сәбит­ұлы қабылдауға келген аза­маттарды тыңдап, барлық мәселе мамандардың жіті тек­серуінен өтетінін, әрі қарай заңды негізге алып шешім қабылданатындығын жеткізді.

Ашықтық пен жариялы­лық жұмыс тиімділігін арт­­тырады десек, алдағы уа­қыт­та тұрғындардың уәж­дері бойынша мәселелер зерде­леніп, салалар бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылатын болады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: