Жұма, 27 желтоқсан, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ибадулла Құттықожаев, қалалық мәслихат төрағасы:Бостандық пен еркіндігіміздің бастауы

25.10.2024

443 0

– 25 қазан – ұлттық мерекеміз. Бұл – халқымыздың рухын көтеретін, елдігімізді нығайтып, ынтымақ, бірлігімізді арттыратын айшықты мереке.
Кеңестік одақ ыдырамаған кезде ел тәуелсіздігі жөнінде мәселе көтеру өте қиын болатын. Бірақ сол кездегі академик-ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінің бастамасымен «Егемендік туралы декларация» құжат түрінде рәсімделді. Еліміздің тәуелсіздігіне жол ашылды. Декларациядағы «Қазақстан мемлекеті – қазақ халқының дамуына жауапты» деген қағидалары халқымыз үшін өте қымбат еді.
Республика күні – азаттықты аңсаған бабаларымыздың тәуелсіздік жолында жан алысып, жан беріскен асқақ рухы алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн. Бұл күн – ұлттық стратегиялық мүдделеріміздің анықталған, бостандық пен еркіндігіміздің бастауы болған күн. Сондықтан бұл құжаттың маңызы жыл өткен сайын арта бермек.
Бүгінде елімізде Жаңа Әділетті Қазақстанды құруға ауқымды шаралар қолға алынуда. Заң мен тәртіп үстем ететін, экономикасы дамыған елде адал еңбек етіп, адал табыс табатын, адал адамның қалыптасуы арқасында ілгері ел болатынымызға сенім мол. Ол үшін қоғамдық оптимизм яғни жарқын болашаққа деген сенім болуы керек.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Біз озық ойлы ұлтпыз. Сондықтан алысты көздеп, түрлі арандатушылық әрекеттерден биік тұрмыз, парасатты ел екенімізді танытуымыз және тек заңға арқа сүйеуіміз керек».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: