Сейсенбі, 13 қаңтар, 04:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Инклюзивті спорт орталығы ашылды

13.01.2026

51 0

Облыс орталығында инклюзивті спорт орталығы ашылды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан» газетінде жарық көрген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында: «Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты», – деп атап өтті. Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Міне, бүгін өздеріңізбен бірге «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған ерек­ше қажеттілігі бар жандарға арналған инклюзивті спорт орталығын ел игі­лі­гіне табыстаймыз. Жобаны іске асыруға 2 млрд 900 млн теңге бөлін­ді. Мұнда спортшыларымызға арнал­ған волейбол, күрес, жалпы дене дайын­­ды­ғын жасауға арналған залдар қарас­тырылған. Бір мезетте 131 адамның спортпен жүйелі шұғылдануына мүм­кін­дік жасалған. Аймағымыздың әлеу­­меттік-экономикалық дамуына, тұр­­ғын­­­дарымыздың әл-ауқатын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Ләззат Алтынбекқызы басқаратын «Қазақстан халқына» қоры ұжымына Сыр жұрт­шылығының атынан шынайы риза­шы­лығымызды, зор алғысымызды біл­діреміз, – деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада саланың дамуы­на елеулі үлес қосқан спортшылар мен инклюзивті спорт орталығын сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкер­лері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: