Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Иықтан шашы төгіліп жерге, күмісті шашбау жарасып белге…

07.03.2026

53 0

Қазақтың ұлттық киімі үлкен мәнге ие. Ұзатылатын қыздың өне бойынан инабат пен ізгілік нұрын шашып, ажарына сай өю-өрнекпен көмкеріліп, тал бойына жара­сып тұрса қандай ғажап.  «Иық­тан шашы төгіліп жерге, күмісті шашбау жарасып белге…» деген өлең жолдары осындайда туса керек. Қос бұрымына шашбау тағып, үкілі кәмшат бөрік пен сәу­келе киген арулар. Қазақтың асыл дәстүрін дәріптеген шара «Отбасы» орталығында ерекше салтанатпен өтті. «Бойжеткен Modern» ұзату көйлектерінің көрсеті­лі­мінде қыз ұзату салтының мәні мен маңызы сахналық қойылым арқылы көрініс тауып, ұлттық болмыс пен заманауи сән үйлескен ұзату көйлектері көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Көрсетілімде  қаламыздағы «Aigul», «SARA», «AMOR FATI», «IDEAL» той са­лондары ұсынған сәнді ұзату көйлектері та­ныстырылды. Бойжеткеннің нәзіктігі мен сұлулығын айшықтап, ұлттық нақыш пен жаңа сәннің үйлесімін танытқан әрбір топтама көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, ерекше таңданыс тудырды.

Сән-салтанатпен айшықталған кеш қонағы облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, облыс­тық кәсіпкерлер палатасының директо­ры  Пірмұхаммед Сыздық қатысып, ізгі лебіздерін білдірді.

Қазақ қызының қадір-қасиетін, ұзату дәстүрінің терең мағынасын және сән өнерінің жаңа бағытын насихаттауға ар­налған тағылымды шара аясында «Бекзат қыздар» академиясының қатысушылары және демеуші кәсіпкерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлық  табысталды.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: