Сейсенбі, 14 қазан, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Экологиялық акция жалғасуда

14.10.2025

114 0

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жаппай сенбіліктер мен тал егу шаралары ұйымдастырылуда. Өткен аптада акция аясында Қорқыт ата саябағында тал егу шарасы өтті.

«Қорқыт ата» кітабының 1300 жыл­дығына арналған ес­керткіш маңындағы саябақ 2002 жылы ашылған. Бүгінде толық жаңарып, тұрғындардың демалысына, серуен­деуіне, балалардың ойнауына қолайлы орынға айналды.

Бұл саябақты абаттандыру жұмыс­тары 38 828 шаршы метр аумақты қамтыған. Оның 1 826 шаршы метрі – құрылыс алаңы, 13 430 шаршы метрі­не брусчатка төселген, ал 23 572 шаршы метрі көгалдандырылған. Саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, спорт және балалар ойын алаңдары, серуен жолдары мен жарықшамдар орнатылған. Сондай-ақ келушілердің жайлы демалысы үшін орындықтар, шағын сәулеттік нысандар қойылып, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізілген.

Шара барысында облыс аумағын­дағы скверлер мен аллеялар, парктер мен көшелер, теміржол бойы, су айдындары және республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы тазартылды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 20 мыңға жуық адам қатысқан. Оның ішінде зиялы қауым өкілдері, еріктілер, экобелсенділер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері белсенділік танытқан. Нәтижесінде облыс аума­ғына 13 мың түп тал егілген.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: