Дүйсенбі, 08 қыркүйек, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Эколологиялық бұзушылық: Жауапкершілік жүгі жеңіл емес

06.09.2025

32 0

Фото: stock.adobe.com

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Өкінішке қарай күнделікті өмірде біз табиғатты қорғау емес, керісінше оған зиян келтіретін әрекеттерді жиі көреміз. Мұндай жағдайлар тек табиғаттың ғана емес, қоғамның да болашағына қауіп төндіреді. Экологиялық мәдениет қалыптаспайынша, бұл мәселелер шешілмейтіні анық. Дегенмен әрбір адам өзінің әрекетіне жауапты екенін түсінуі керек. Өйткені табиғатты қорғау тек заң талабы емес, бұл – адамдық парыз.

Осы құқықбұзушылықтарға не жатады және жазасы қандай болмақ? Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бөлімше бастығы, полиция майоры Жандос Ахметжан айтып берді.

– Экологиялық құқықбұзушылықтарға қоғамдық пайдаланудағы орындарды қоқыспен ластау, қалалар мен елді мекендердің абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ тұрғындарға ортақ инфрақұрылымдық нысандарды зақымдау, бұзу және бүлдіру әрекеттері жатады. Бұған қоса, көшелерді, саябақтар мен алаңдарды абаттандыруға арналған нысандарды, жол белгілерін, аялдамаларды, жарықтандыру бағаналарын, ойын және спорт алаңдарын сындыру немесе бұзақылық жолмен бүлдіру заңға қайшы әрекет екені сөзсіз. Сонымен қатар жасыл екпелерді, яғни ағаштарды, гүлзарларды, көгалдарды заңсыз кесу, сындыру, жою немесе оларға қасақана зиян келтіру де экологиялық бұзушылық ретінде қарастырылады. Мұндай құқыққа қайшы іс-әрекеттер қалалық және ауылдық аумақтардың экологиялық тепе-теңдігіне, халықтың өмір сүру сапасына теріс әсерін тигізіп қана қоймай, қоғамның ортақ игілігіне нұқсан келтіреді, – дейді Жандос Ахметжан.

Аталған экологиялық құқықбұзушылықтар тек қоғамның эстетикалық келбетіне емес, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығына да тікелей қауіп төндіреді. Қалалар мен елді мекендердің абаттандыру қағидаларын сақтамау, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру немесе жасыл екпелерге залал келтіру қоғамға ортақ мүлікті құрметтемеу екені анық. Сондықтан мұндай құқықбұзушылықтарға мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолданылады.

– Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша ортақ пайдаланылатын, қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, сондай-ақ белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау әрекеттері арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл салынады. Ал 505-бапқа сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, жасыл екпелерді жою да әкімшілік жазаға жататын құқықбұзушылықтар қатарына кіреді, – дейді Жандос Ахметжан.

Қоғамдық орындарды қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда тек айыппұл салу жеткіліксіз екені анық. Жандос Ахметжанның айтуынша, түсіндіру іс-шаралар бірнеше деңгейде жүзеге асырылуда.

Нұржан НҰҒЫМАДИЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: