Сенбі, 31 қаңтар, 01:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8 (2220)
31.01.2026
PDF мұрағаты

Экономикалық қауіпсіздік: «Заң мен тәртіп» қағидаты

31.01.2026

41 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты орындалуы тиіс екенін айтып келеді. Осы ұстаным экономикалық қауіпсіздік саласына да тікелей қатысты. Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономиканы қысқарту, заңсыз табысты жасыруға және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау, бюджет қаражатының ұрлануын әшкерелеу, контрабанда мен заңсыз қолма-қол ақша айналымын тоқтату, күмәнді қаржы ағындарын тал­дау арқылы қоғамның қаржылық тұрақтылығын қорғау бағытында жұмыс жүргізеді. Ал өңірлердегі экономикалық тергеп-тексеру департа­менті осы міндеттерді орындап, қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу мен тергеуді қамтамасыз етеді.  Жуырда Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, 2025 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдады. Кездесуде елдегі 1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелгені мәлім болды. Заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, айналымы 128 миллиард теңгеден асатын 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның жолы кесілді. Есірткі сатудан және алаяқтық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан 22 астыртын криптоалмасу қызметінің қызметі тоқтатылып, есірткі табысын заңдастыруға қатысы бар 1,1 мыңнан астам заңсыз онлайн криптовалюта айырбастау сервисі мен 20 мың дроп-карта бұғатталды. Сонымен бірге қаржы секторында заңсыз кірісті жылыстатумен айналысты деген күдікке ілінген 2 мың компаниямен және 56 мың адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылғаны айтылды. Агенттік контрабандалық жолмен шетелге 102 мың тонна бензин шығару әрекетін әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алды. Бұдан бөлек, халықты онлайн-казиноларға тартудан қорғау шаралары шеңберінде 35 төлем ұйымының көмегімен 2,1 триллион теңге көлеміндегі қаражаттың заңсыз айналымда жүргені анықталды. МӘМС жүйесінде көрсетілген қызмет санын қолдан көбейту, оның ішінде қайтыс болған адамдарға жалған медициналық көмек көрсету арқылы 26 миллиард теңге шығын келтіру фактісі де атап өтілді. Өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономиканы қысқарту бағытында күмәнді қаржы ағындарын талдап, «қолма-қол ақшаға айналдыру» алаңдарын әшкерелейді, қылмыстық топтардың қаржы схемаларын анықтап, заңсыз криптоалмасу арналарын, дроп-карталар арқылы жасалатын заңсыз операцияларды, бюджет қаражатын негізсіз шығындауға тосқауыл қояды, әлеуметтік маңызы бар салалардағы – медициналық сақтандыру, білім, инфрақұрылым сияқты бағыттардағы қаржылық бұзушылықтарды ашуға атсалысады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: