Сейсенбі, 13 мамыр, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Энергетикалық сусынға әуестенбеңіз

13.05.2025

40 0

Жарнамада энергетикалық сусындардың шаршау, ұйқысыздық, артық жүктеме кезінде сергектік сыйлайтыны айтылады. Ал мен дәрігер ретінде  оны жиі қолдану жүрекке қауіпті екенін ескерткім келеді.

Облыстық көпбейінді ауруханасының кардио­логия-2 бөлімшесіне 22, 32 жастағы және 33 жастағы, барлығы төрт науқас түсті. Олар жүрек сырқатына, оның ішінде созылмалы жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан. Соның екеуі өткен жылы, біреуі биыл өмірден өтті. Біреуінің жүрек миокардының жиырылу қызметі әлсіреп, өмір сүру сапасы едәуір төмендеген. Науқастардың бәрі ауруханаға түскенге дейін бір жыл бойы энергетикалық сусынды тұрақты пайдаланғанын білдік. Дәрігерлер тиісті ем-шара қабылдағанына қарамастан, өкінішке қарай, дерттен айығу мүмкін болған жоқ,

Бонн университеті жүргізген зерттеуге сүйенсек, адамдардың  энергетикалық сусын ішкеннен кейін 1 сағат ішінде жүректің соғу жиілігі күшейген. Ал Американың кардиология ассоциациясы зерттеу жүргізгенде 1 құты энергетикалық сусын ішкен адамның 1,5 сағатта қан қысымы айтарлықтай жоғарылап, жүректің белсенділігі (ЭКГ-дегі QT аралығының ұзаруы) өзгеретіні анықталған. Бұл сусын жүрек ырғағының бұзылуына, тіпті жүректің тоқтап қалуына әкеп соғуы мүмкін. Әсіресе, бұл жүрек-қан тамыры ауруы анықталмаған адамдар үшін қауіпті.

Гипертония, аритмия, жүрек инфарктісін өткерген, қант диабеті бар адамдарға, жасөспірімдер мен балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге сергіткіш сусыннан бас тартуға кеңес беремін.

                                                   Рауан САЙЛАУОВА,

Облыстық көпбейінді ауруханасының кардиология-2 бөлімшесінің  дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: