Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіп дамуға жетелейді

01.10.2024

309 0

Отбасылық кәсіпті бастап, екі қолға бір күрек тапқан жандар жетерлік. Ерназаровтар отбасы – осы қатарда. Олар осыдан бес жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несиеге жүк көлігін алған болатын. Бүгінде сол жүк тасымалынан басталған кәсіп құрылыс материалдарын өндіруге дейін жеткен.

Кәсіпті жүргізіп, оның жан-жақты қиындығы мен қызығын көзбен көріп жүрген әулеттің мүшесі – Абзал Ерназаров. Ол 2020 жылы «Orda Best Stroy» ЖШС құрып, құрылыс материалдарын өндіру үшін индустриялды аймақтан жер телімін алды.
– Кәсібімізді жаңа бағытта бастамас бұрын нарықты толықтай зерттедік. Бізде бар негізгі шикізат көзіне байланысты жобаны іске қосуды жоспарладық. Шиелідегі құм мен цементтің сынамалары жоғары сапалы кафель желімін өндіруге мүмкіндік беретінін басшылыққа алып, кәсіпті осы бағытта дамытқымыз келді, – дейді кәсіпкер Абзал Ерназаров.
Кәсіптің көзін тапқан отбасы 2021 жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы кезекті рет жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бұл жолы құрғақ қоспа өндіру цехының құрылысын салуды көздеген олар алынған 10 млн теңгеге цехтың құрылысын салып, өндірісті іске қосты.
– «Қызылорда» әңірлік инвестициялық орталығынан алғаш жүк көлігі үшін несиені 10,5 пайызбен алған едік. Бұл жолы цех құрылысына 6 пайыз үстемемен берді. Өзге қаржы ұйымдарына қарағанда несие алу процесі жеңілдеу. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, ауылдық елді мекендерде кепіл мүлікке қатысты мәселе бар. Қаржы ұйымдары ала бермейді. Ал өңірлік орталық бұл жағынан келгенде үлкен қолдау көрсетіп отыр, – дейді кәсіпкер.
Абзал Ерназаров ашқан құрғақ қоспа өндіру цехы бастапқы кезде тәулігіне 150-200 қап шығарған болса, бүгінде 700 қапқа дейін дайын өнім өндіруде.
– Нарыққа біз ұсынып жатқан өнім сапасы жағынан танымал кафель желімдерімен кем түспейді. Арнайы зертханаларға жіберіп қортындылары алынды. Соңғы жылдары Қызылорда облысы көлемінде құрылыс нысандарының көптеп бой көтеруі біздің өнімдерімізге жоғары сұраныс туғызып отыр. Қазір Шиелі ауданы мен Қызылордадағы құрылыс дүкендерінде сатылымға шығарылуда, – дейді Абзал Ерназаров.
Сегіз адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің алдағы жоспары да ауқымды. Құрылыс материалдарына байланысты өнім түрлерін көбейтіп, газоблок, темір бетон өнімдерін шығарғысы келеді.
– Біздің өңірде кәсіппен айналысуға жақсы жағдай жасалған. Әр отбасының өз кәсібі болуы керек деп ойлаймын. Кәсіппен айналысу, оның жаңа түрлерін ашу мен үшін еркіндік, сондай-ақ өзіңе үлкен міндеттеме, жауапкершілік алу дегенді білдіреді. Тәуелсіз қаржы көзін қалыптастырасың, жаңа жұмыс орындарын құрасың. Өзіңе ғана емес, қоғамға да пайдаңды тигізесің, – дейді кәсіпкер.
Әрине, ойдағы жоспарды іске асырып, шынайы тәжірибеге жеткенде ғана кәсіп істеу үшін тынымсыз тер төгу керек екеніне көз жеткізесің. Өйткені, жеке кәсіпкер тәулік бойы қозғалыста. Абзал да мұны айқын аңғарған.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: