Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері арасында салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы» облыстық іріктеу жарысы өтті.
– Жарыстың мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру. Білім қызметкерлерінің жан-жақты екені белгілі. Олардың өнерін елге таныту мақсатында түрлі бағытта сайыстар мен додалар өтеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Дүбірлі додаға Қызылорда қаласы және аудандар бойынша білім қызметкерлерінен барлығы 30-ға жуық спортшы ұстаз қатысып, бақ сынасты. Іріктеу ересектер арасында 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткізілді.
Жарыс нәтижесімен 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күрес аренасына шыққан Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұржан Әбілдаев жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі І орынды қанжығасына байлады.
Жеңімпаз енді республикалық «Кәсіподақ барысы» жарысында өнер көрсетпек.
Г.АСҚАР
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!