Жексенбі, 29 желтоқсан, 18:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіподақ – бірлік пен береке шаңырағы

28.09.2024

459 0

Шаһардағы №5 И.Панфилов атындағы мектеп-лицейінде кәсіподақ ұйымының  100 жылдығына орай «Кәсіподақ – күш, сенім, абырой» атты мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Гаухар Рақымжанова және кәсіподақ ұйым мүшелерінің жұмыс тобының ұйымдастыруымен кәсіподақ апталығы өтті.

Апталықтың ашылуында мектеп психологтары «Ой – сізден, сыйлық – бізден» тақырыбында психологиялық тре­нинг жүргізді. Ақерке Әбішева мектеп фойесінде «Фотолар сыр шертеді» тақырыбында бейнеролик үзіндісін жасады. Ал Аймереке Бахуадин 10-11 сыныптар аралығында оқушылармен «Талғам. Таңдау. Мамандық. Еңбек орны» тақырыбында мектептің мәжіліс залында тренинг сабақ жүргізді.

Кәсіподақ ұйымының апталығы өз дәрежесінде, кәсіп­одақ мүшелерін серпілтетін қызықты ойын тренингтермен ашылып, ұстаздардың ризашылығына бөленді. Мереке барысында апталық жоспар бойынша кәсіподақ мүшелері Ержігіт Арыстанбеков пен Саят Алмабаев ұстаздар арасында «Көңілді эстафета» сайысын ұйымдастырды. Сайысқа мектептің пән бірлестіктері бойынша біршама белсенді мұғалімдер қатысты. Ал кәсіподақ мүшесі, әйелдер кеңесінің төрайымы Нурила Айпеисова «Отбасы тәрбиесіндегі ананың рөлі» тақырыбында  ұстаз аналар арасында дөңгелек үстел өткізді. Аналардың отбасындағы әйелдік рөлін айқындау, ер адамның қазіргі таңдағы орны, отбасындағы беделін арттыру туралы ой бөлісу, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстам­дылыққа тәрбиелеу жолдарын көрсету тәрізді тақырыптарды сыйдырған дөңгелек үстел кезінде тренинг жүргізілді. Ой жинақтау бойынша пікір­лесіп, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Ұстаз-аналар ойларымен бөлісіп, жастарға үлгі боларлық кеңес айтты.

Сондай-ақ, жастар арасында дебат үйірмесі қолға алынып, жас ұстаздар арасында тартысқа толы алаң да қалыптасты. Кәсіподақ ұйымы мерекелерде әрбір қызметкерді назардан тыс қалдырмайды. Сондықтан бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жандандыру, кәсіп­одақ ұйымы мен кәсіподақ төрағаларының жұмыс берушілермен келісімді ынтымақтастықта жұмыс жасау­ларының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін анықтау, кәсіп­одақ ұйымының жұмысына қызығушылықты арттыру және мәртебесін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар мұнымен бітпек емес.

Ақерке БАЛМАНОВА,

№5-мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: