Сенбі, 18 қазан, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Кәсіпті қолдаудың нәтижесі

18.10.2025

34 0

Қызылорданың ел астанасы болғанына 100 жыл толуы және қала күні мерекесі қарсаңында «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

– Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алған бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Бұл жұмыс өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, 1 млрд 52 млн теңгеге екі шағын өнеркәсіптік аймақ салынуда. Бүгін соның алғашқысы «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің бастамасымен салынған тамақ өнеркәсібі бағытындағы өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлер игілігіне берілмек. Жоба құны 526 млн теңге, мұнда 8 өндірістік цех іске қосылып, азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар шоғырланған. Кәсіпорындарда 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрмыс-тіршілікке қажетті тауарлар өндіруде. Кәсіпкерлерге өз жұмысын бастауға «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 3 пайызбен 157 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралардың нақты көрінісі.

Баршаңызды облысымыз үшін әлеуметтік-экономикалық тиімді жоба – «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нысандар халықты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге, шағын кәсіпкерліктің дамуына, салық базасының ұлғаюына елеулі үлес қосады деп сенеміз. Жобаны жүзеге асыруға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғыс білдіреміз. Жаңа нысандардың жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! – деді аймақ басшысы.

Кәсіпті қолдаудың нәтижесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: