Дүйсенбі, 25 тамыз, 10:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63,2176
23.08.2025
PDF мұрағаты

«Келешек мектебі» заман талабына сай

23.08.2025

30 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Осы аптада №290 «Келешек мектебінде» ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысып, заманауи білім ордасының жұмысымен танысты. Мектептің заманауи инфрақұрылымы, информатика және робототехника кабинеттері, STEM-зертхана, шеберханалар мен шығармашылық сыныптары таныстырылып, оқушылардың жан-жақты дамуына жасалған мүмкіндіктер алаңы қызықтырды.

«Келешек мектебі» 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі балаларға сапалы білім беруге бағытталған. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасауды ұмыт қалдырмаған. Мәселен, пандус, лифт, тактильді бағыттағыштар, жарық жүйесі, сахнаға арналған құрал-жабдықтар бәрі толық қамтылған.

Ашық есік күнінде ата-аналар мен оқушылар мектептің ішкі инфрақұрылымымен танысты. Мұнда цифрлық сауаттылық пен робототехника кабинеттері, ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары, бейнелеу өнері, графика және жобалау кабинеттері, STEM-зертхана сынды арнайы сыныптар бар. Мектеп балаларға тек білім ғана емес, кәсіби бағдар беретін орталық екенін байқауға болады.

– «Келешек мектебі» инженерлік бағытта жұмыс істейді. Оқушылардың қабілетін дамытуға арналған 8 түрлі бағыт қарастырылған. Биотехнология, нанотехнология, микроэлектроника секілді ғылым салаларымен қоса, шығармашылық бағыттағы балаларға да мүмкіндік бар. Қолөнерге қызығушылығы бар оқушылар үшін тігін шеберханалары арнайы жасақталған. Біздің басты ерекшелігіміз – балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу. Бұл – келешекке жол ашатын кәсіби бағдар, – дейді мектеп директоры Мөлдір Смаханова

Қазіргі таңда мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Сұраныстың жоғары болуы да заңдылық. Себебі сол жағалау  тұрғындары балаларын алысқа жібермей, жақын маңнан сапалы білім алуға ұмтылуда. Мұнда қауіпсіздік те, тиімділік те қарастырылған. Оқушылар сабақтан бөлек, үйірмелерге қатысып, бос уақытын пайдалы өткізеді.

– Жаңа мектептің ашылғанын естіп қуанып қалдық. Балаға да, ұстазға да барлық жағдай жасалған. Жаңадан жабдықталған кабинеттер көз қуантады, – дейді қала тұрғыны Алма Махамбетова.

Бүгінде «Келешек мектебінің» жетістіктері де аз емес. 60-тан аса шәкірт қалалық және республикалық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындарға ие болған. Тіпті Қытайда өткен халықаралық байқаудан жеңімпаз атанып келген оқушылар бар.

«Келешек мектебі» заман талабына сай

Айдана БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: