Сейсенбі, 14 қазан, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Кішкентай тұрғындар игілігі үшін

14.10.2025

46 0

Қызылорда қаласында ойын алаңдарын салу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соңғы жылдары аймақ басшысының қолдауымен  көпқабатты үйлер арасына балаларға ойын және спорт алаңы салынып, аула көркін аша түсуде.

Өткен аптада қалалық қоғам­дық даму бөлімі ұйымдастырған баспасөз туры барысында бұқара­лық ақпарат өкілдері ойын алаңда­рының салынып жатқан жұмыс­тарын көрді.

БАҚ өкілдері ең алдымен «Уни­версам» шағын ауданындағы Бектұрғанов көшесі №13 үйдің ауласындағы ойын алаңына бар­ды. Мұнда балаларға арналған заманауи сырғанақтар мен әткен­шектердің айналасына қауіпсіздік төсеніштері төселіп, түнгі жарық шамдары қойылуда. Бұл жұмыс­тарды «Еңбек Қызылорда» меке­месі атқаруда.

–  Қызылорда қаласы аумағын­да 20 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізудеміз. Келісім-шарт негізінде қыркүйек айын­да басталды. Жоспарлы мерзі­мі – жеті ай. Дегенмен, жылдың аяғына дейін жұмыстарды аяқтау жос­парда бар. Футбол алаңы, бала­ларға арналған ойын алаңы, спорттық жаттығуға арналған құ­ралдар орнатылады. Ойын алаң­дары үшін қажетті құрал-жаб­дықтар Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен келеді. Жалпы, қала тұрғындарының жайлы өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастама тұрғындардың көңілінен шығуда, – деді РГП «Еңбек Қызылорда» филиалының  дирек­торы Руслан Қыпшақбаев. 

Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарының са­лынуы қаланың көркін келтіріп, тұрғындардың дұрыс демалуына жағдай жасауды мақсат етеді. Өйткені тұрғын үй ауласының тазалығы, балалардың қауіпсіз ортада жүріп-тұрғаны әрбіріміз үшін маңызды.

Айта кетейік, облыс әкімінің бастамасымен қалада 19 шағын футбол алаңы, 25 жаттығу аймағы, 21 балалар ойын алаңы, 15 аулаішілік шаруашылық алаңы мен 13 демалыс орнын салу жоспарланған. Мердігер мекемелер әрбір нысанды талап­қа сай жабдықтап, балалар қауіпсіздігін сақтауды басты  орынға қою қажет. Облыс орта­лығын көрікті қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Мұндай жобалар қала келбетін жақсартып қана қой­май, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: