Сенбі, 04 сәуiр, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24 (2236)
04.04.2026
PDF мұрағаты

Кітап – білім бұлағы

04.04.2026

34 0

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні және қазақтың ұлы ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай, облыс орталығында бүлдіршіндер арасында байқау өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бастамасымен өткен «Ертегімен есейем» жобасы аясында «Білімнің жаққан шырағын» атты оқушылар арасындағы көркемсөз және сахналық қойылым байқауы жас ұрпақты кітап оқуға қызықтыра түсті.

Байқаудың бірінші кезеңі «Ғибратты әңгімелер» деп аталып, оқушылар Ыбырай Алтынсариннің ғибраты мол шығармаларынан сахналық көріністер қойып, актерлік шеберліктерін танытты. Ал екінші кезеңде жас таланттар ақынның жырларын жатқа оқып, мәнерлеп оқу өнерінен бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша Нағи Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимна­зиясының оқушылары бас жүл­дені иеленіп, үздік атанды. Бірінші дәрежелі диплом Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектебіне бұйырса, екінші дәрежелі дипломды Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі иеленді. Үшінші орынды Байұзақ Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі мен Байзақ Момынбаев атындағы №278 ІТ мектебі өзара бөлісті.

Сондай-ақ Жанайым Ерболат «Көрермен көзайымы», Балнұр Құрманғазы «Жас талант», ал Мағжан Іскендір «Ең белсенді қатысушы» номинациясына ие болды.

София Хайрулла

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: