Сенбі, 07 ақпан, 01:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (2222)
07.02.2026
PDF мұрағаты

Кітапханаға кітап сыйла

07.02.2026

49 0

М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейде «Кітап сыйла – ізгілік тарат» атты шара өтті. Акция аясында мектебіміздің түлектері Әлішер Сатығұлов пен Мейірбек Ғалымжан рухани мұра ретінде авторы Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Қаныш және ғылыми майдан», «Жұмабек және жер майдан» кітаптарын сыйға тартты. Бұл игі

іс – өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келген мектепке деген алғыс пен құрметтің белгісі. Сыйға берілген әр кітап – болашақ оқырманға жол тартқан қымбат қазына.

Осы игі бастаманы жоғары бағалаған мектеп әкімшілігі түлектерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Бұл – түлектер еңбегінің лайықты бағалануы әрі ізгі істердің әрдайым қолдау табатынының айғағы.

Бұл игі шара мектепке деген алғыс пен құрметтің, білім мен кітапқа деген сүйіспеншілік­тің көрінісі. Сыйға тартылған кітаптар кітапхана қорын толықтырып ғана қоймай, жас оқырмандардың рухани дамуына, білім көкжиегін кеңейтуге үлес қосады.

Кітапхана – білімнің қай­нар көзі, ал кітап сыйлау – болашаққа салынған рухани инвестиция. Осындай өнегелі іс арқылы түлектер кейінгі буынға үлгі көрсетіп, игі дәстүрдің жалғасуына жол ашты.

Мектеп ұжымы түлектерге алғыс білдіре отырып, мұндай қайырымды бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімде.

Жайна  РАХМЕНОВА,

М. Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: