Сенбі, 11 қазан, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Көлеңкелі экономика: ашықтық пен тазалық маңызды

11.10.2025

42 0

Осы аптада Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканың үлесін азайту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы талқыланды. Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту» және «Көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары туралы» мәселелер қаралды. Жиында көтерілген тақырыптар бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады.

Көлеңкелі экономиканы төмендету – қаланың салық­тық түсімдерін ұлғайту мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты. Шаһарда көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында кәсіпкерлерді салықтан жалтаруға қарсы және заңсыз бизнестен қорғау шаралары жүзеге асырылуда. Биыл 210 салық төлеушіден 2125 жасырылған жұмысшы анықталып, бюджетке 511 млн теңге қосымша түсім түскен. Сонымен қатар мақсатына сай пайдаланылмаған 25 жер пайдаланушыға салық мөл­шерлемесі 20 есеге арттырылып, 22,3 млн теңге бюджетке өндірілген.

 – Біз кәсіпкерлік және басқа да жылжымайтын мүлік нысандарына қайта бағалау жүргізуді жалғастыруымыз керек. Сондықтан жұмыстарды шұғыл үйлестіріп, нысан­дарды толық түгендеп, қайта бағалау нәтижелерін салық базасына енгізуді қамтамасыз ету қажет,  – деді Нұржан Сәбитұлы.

Қызылорда қаласы бойынша «Д» санатында МӘМС-ті төлемеген адам саны жыл басынан 13997-ден 16199 ға өскен. Ал «Е» санаты бойынша 6426 дан 6680-ге артқан. Бұл бағытта тиісті бөлімдер және кент, ауылдық округ әкімдіктері бірлесіп, жыл соңына дейін «Д», «Е» санатындағы азаматтардың санын азайту бойынша жұмыс жүргізілмек.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: