Дүйсенбі, 25 қараша, 07:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Көлік түтінінен зиян көп

14.09.2024

471 0

Сүйегін сүйретіп жүрген көне көліктер көп. Байқасаңыз, паровоз тәрізді түтінін будақтатып, қала көшелерін түтінмен тұншықтырып бара жатады. Көліктен бу емес, у шығарып жүрген мұндайларды көргенде кәдімгідей төбе шашың тік тұрады. Оларды санасаңыз, саусағыңыз жетпейді. Иә, иә, оларға тосқауыл болар ма деп ойлап жүрген боларсыз. Бұрын-соңды Алматы тәрізді мегаполистерде ғана көзіңіз шалатын жағдай бізде де қолға алынған. Экология саласының мамандары арнаулы құрылғы арқылы көліктен шығатын зиянды заттардың көлемін зерттеуде.

Бұл ауқымды іс облыстың экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі «Жол картасының» аясында қолға алынған. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығу көлемін азайту мақсатында бірқатар жұмыс жүргізіп келеді.
– Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары «Таза ауа» іс-шарасын жүзеге асыруда тоқсан сайын полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, рейд ұйымдастырып, газ және дизель отынымен жүретін автокөліктерден шығатын шығарындыларға өлшеу жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – қала төңірегіндегі автокөліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігін анықтау, – дейді департаменттің зертханалы-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Венера Мұстаяпова.
Сынақ барысында бензин, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін 59 автокөлікке өлшеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 автокөліктен белгіленген нормативтен асу деректері анықталды.
Нәтижесінде жол полиция қызметкерлерімен автокөлік иелеріне тиісті шаралар көрілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: