Жұма, 30 мамыр, 23:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Көптен күткен даңғыл жол

26.04.2025

519 0

«Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылының төрт жолақты болуы – ел мұқтаждығы жолындағы игі істердің бірі. Қала ішіндегі кептелісті болдырмау мақсатында салынған жолдың өзі кептеліске айналған еді. Ел көкейінде «Осы жол кеңейтілсе» деген бір арман болатын. Осы арман мақсатқа айналып, даңғылды қайта жаңғырту қолға алынған. Бүгінде мұндағы жұмыс 90 пайызға бітіп тұр.

Өткен жылдан бері басталған жұмыс барысында алдымен Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылды. Құрылысты қолға алған «УАД» ЖШС мамандары мұнда уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Осы күні мердігер мекеме асфальт төсеуді аяқтады.

– Бұрын бұл жолдың ені 9 метр болатын. Қазір бұл көлем 15 метрге жетті. Дарияның ішкі бетін нығайттық. Ұзындығы 1,5 шақырымға жететін жаяу жүргіншілер жолы да жасалып болды. Осы жолдың бойынан 8 ойын алаңын салдық. Қазіргі таңда жарық бағаналары мен бағдаршам орнатылуда. Тағы бір айта кетерлігі, осы даңғылға түсетін Есенов көшесі Демесінов көшесіне дейінгі аралықта да төрт жолақты болып кеңейтілуде. Енді осы жолдың үстіне төселетін 5 сантиметрлік асфальт жабындысы ғана қалып тұр, – дейді учаске басшысы Самат Қарымсақов.

Көптен күткен даңғыл жол

Даңғыл жол мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, өткен жылы облыста жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден 44 млрд 703 млн теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдері жөнделді. Биыл да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, республикалық және облыстық бюджеттерден 35 млрд теңге бөлінген. Осы қаржыға 329 шақырым автомобиль жолдарына, көшелер және көпір өткелдеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Дәулет ҚЫРДАН,

Суретке түсірген

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: