Сейсенбі, 16 желтоқсан, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Көпті қуантқан «көгілдір отын»

16.12.2025

45 0

Соңғы жылдары Сыр өңірінде газдандыру ісі қарқын алды. Қазір бұл жұмыс жоғары деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс орталығы мен бірқатар аудандарда «көгілдір отын» маздап тұр.  Биылғы қысқы маусым қалаға қарасты Сабалақ елді мекені тұрғындары үшін жағымды жаңалығымен келді. Көптен күткен «көгілдір отын» ауылға жетті. Бұл жаңалықты тұрғындар қуанышпен қабылдауда.

Қала маңында орналасқан Сабалақ елді­ мекенінде халық саны жыл сайын артып келід. Жаңадан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда. Соңғы 3 жылдың ішінде 5 млрд теңгеге жуық қаржыға ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқан.

Көпті қуантқан «көгілдір отын»

Аймақ басшысы халықтың сұранысын қана­ғаттандыру мақсатында тиісті салаға мәселені жедел шешу туралы тапсырма беріп, демеушілік есебінен 53 млн теңгеге жоба сметалық құжаттама әзірленген. Нәтижесінде республикалық және облыстық бюджеттен жобаны жүзеге асыруға 3,2 млрд теңге бөлініп, 2024 жылы елді мекенді газдандыру жұмыстары басталған еді.

Мердігер мекеме «Сырэнергогазстрой» ЖШС арқылы 3 кезеңнен тұратын жоба аясында 100 шақырымға жуық газ құбыры тартылып, 1 дана газ реттеуіш пункті мен 5 дана шкафты газды реттеу пункті орнатылды. Қазіргі таңда пайдаланушы мекемелер тарапынан тексеру және қабылдау жұмыстары аяқталып, елді мекенге жеткізуші газ құбыры жоғары қысымды газ желісіне қосылды. Жыл соңына дейін барлық жұмыс аяқталып, 1670 үй «көгілдір отынға» қосылуына мүмкіндік бар.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: