Сейсенбі, 05 тамыз, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Көше жарық, жол тегіс

05.08.2025

38 0

Соңғы жылдары Белкөл кентінің келбеті өзгеріп, әлеуметтік нысандар жаңарып, инфрақұрылым қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл игі өзгерістерге тұрғындар куә болып келеді. Осы орайда, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кент әкімі Жасұлан Сәду БАҚ өкілдеріне берген  брифингте баяндады.

2025 жылдың алғашқы жартыжыл­дығында кенттің барлық саласында оң өзгерістер бар екен. Белкөл кентінің жер көлемі 5378 гектарды құрайды. Қазіргі таңда халық саны 5 мыңға жақындаған, оның 2 мыңнан астамы экономикалық белсенді тұрғындар.

Сонымен қатар білім беру мен ден­саулық сақтау саласындағы жетіс­тіктер де назардан тыс қалмады. Әкім бұл бағыт әрқашан басты назарда екенін атап өтті. Оның айтуынша, мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасау – өңір дамуының маңызды бөлігі.

– Бүгінде №189 және №145 мек­тептерде 900-ге жақын оқушы білім алып жатыр, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама өсім бар. №189 мектептің шатырын жөндеу мәселесі толық шешілді. Денсаулық сақтау нысандары халыққа сапалы қыз­мет көрсетіп келеді, ал Бірқазан елді мекенін­дегі медициналық бекет заманауи талаптарға сай жұмыс атқаруда, – дейді кент әкімі Жасұлан Сәду.

Экономикалық көрсеткіштерге тоқ­талсақ, әкім кенттің қаржылық тұрақтылығы мен кәсіпкерліктің дамуы ерекше назарда екенін айтты. Оның сөзінше, бұл бағыттағы жетістіктер Белкөлдің әлеуетін арттырып қана қоймай, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға да жол ашуда.

– 2025 жылдың 6 айында бюджет кірісі 65,9 млн теңгені құрап, 100 пайызға орындалды. Салық түсімі де жоспардан асып түсті. Бұл кәсіпкерліктің дамып келе жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, жарты жыл ішінде 79 кәсіпкерлік нысан ашылып, 81 тұрақты жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған жоба қаржыландырылып, бизнеске қолдау көрсетілді, – дейді кент әкімі.

Инфрақұрылым саласына келер болсақ, әкім бұл бағыттағы жұмыс­тардың қарқыны жылдан-жылға артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, көше жолдарын жөндеу, аулаларды абаттандыру және жарық­тан­дыру секілді жобалар кенттің көркін айшықтап, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда.

– Қала әкімдігінің қолдауымен көп­қабатты үйлердің ша­тыры жөн­деліп, аулалары абаттан­дырылуда. Жаңа ас­фальт тө­селіп, кө­­шелер жа­рық­тан­дырылып келеді. Қазіргі уақытта Әбдіқадыров 2 және №9 көше­лерге жол жабындысы төселуде. Жалпы, биыл кенттегі 8 көшеге жөндеу жүргізіледі. Осылайша, шамамен 90 пайыз көше толықтай асфальт болады. Сондай-ақ №1, 11, 12 көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылып, автотұрақ салынды. Сонымен қатар ор­талық көшеге аяқсу жеткізу мен мәдениет үйін салу бағытындағы жобалар да қолға алынды, – дейді әкім.

Алдағы уақытта кентте жаңа сүт фермасы мен өндірістік зауыттардың ашылуы жоспарланғанын атап өтті. Бұл жобалар бойынша құжаттар дайындалып, толық қолға алынғанын атап өтті. Егер бұл жобалар іске асса, жүздеген жұмыс орны қарастырылатыны анық.

Брифинг соңында Белкөл кентінің әкімі алты айдың ішінде атқарылған жұмыстарды баяндай келіп, алдағы кезеңде де қарқынды даму жалғасатынын жеткізді.

 – Белкөл – әлеуеті зор, мүмкіндігі мол елді мекен. Біз биылғы жарты жылда айтарлықтай жұмысты еңсердік. Алда бұдан да ауқымды міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыруда тұрғындармен бірлесе еңбек ету басты мақсатымыз. Бірлігіміз бекем болса, кез келген белесті бағындырамыз, – деді кент әкімі Жасұлан Сәду.

Көше жарық, жол тегіс

Нұржан НҰҒЫМАДИЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: