Сейсенбі, 07 сәуiр, 01:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Конго-қырым қанды безгегі несімен қауіпті?

07.04.2026

20 0

Аурудың белгілері:

Конго-Қырым қанды безгегі кенеден немесе жұқтырған жануардан (қой, сиыр, ешкі) өткен кезде пайда болады. Аурудың белгілері бірнеше күннен кейін басталады:

• Қатты дене қызуы, 38-40°C дейін көтерілуі

• Бас ауруы, бұлшықет ауыруы

• Қол мен аяқта әлсіздік, шаршау

• Іштің ауруы, жүрек айну, құсу

• Кейбір жағдайда теріде қышыма мен қан кету белгілері пайда болуы мүмкін.

КҚҚБ өте қауіпті: ауру жеңіл өтуі мүмкін, бірақ кейде ауыр асқынуларға әкеліп, қан кету мен ағзаның қызметінің бұзылуына себеп болады. Сондықтан науқастанған адамды дәрігерге шұғыл жеткізу өте маңызды.

Алдын алу шаралары:

1. Кенеден қорғану: далада жұмыс істегенде ұзын жең киім киіп, репеллент қолдану.

2. Жануармен байланыс кезінде сақ болу: мал сою немесе өңдеу кезінде қолғап пен қорғаныш құралдарын пай­далану.

3. Тазалық сақтау.

4. Дезинфекция: мал қораны таза ұстау, кенелерді уақытылы жою.

Конго қырым қанды безгегі – қауіпті және тез тарайтын ауру. Бірақ алдын алу шараларын сақтап, белгілерін уақытында анықтаса, қауіпті азайтуға болады. Денсаулыққа сақ болайық, қауіптен хабардар болайық!

Нұрғали МОЛДАБЕКОВ, №3 емхананың аға фельдшері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: