Сейсенбі, 03 ақпан, 01:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Конституциялық реформалар туралы кездесу өтті

03.02.2026

39 0

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты.

Жиында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов жаңа Конституцияның мән-маңызына тоқталып, оның қоғам мен мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

– Бастапқыда парламенттік реформа аясын­да Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды. Конституцияда Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, бірлік пен келісім, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіліп, білім мен ғылымға, адами капиталға, цифрландыруға айрықша мән берілген. Сонымен қатар жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы, Халық кеңесі мен вице-президент институтының енгізілуі халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, «Еститін мемлекет» қағидатын іске асыруға жол ашады, – деді мәслихат төрағасы.

Жиында облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, онлайн байланыс арқылы қатысқан Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, Консти­туциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықта­ры мен бостандықтарын кеңейтудегі мән-маңызына тоқталды.

***

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті. Оған Қазақстанның Еңбек ері, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Имамзада Шағыртаев, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, бизнес-қоғамдастықтар, үкі­меттік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Алдымен облыстық мәслихат төрағасы еліміздің келешегі, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнығуы ең алды­мен Ата Заңның мазмұны мен маңызына тікелей байланысты екенін атап өтіп, бірқатар маңызды өзгерістерге тоқталды.

Жиында Қазақстанның Еңбек ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Конституциялық реформа жөніндегі комис­сияның мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қы­зылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің төра­ғасы Сұлтанбек Тәуіпбаев конституциялық ре­формалардың маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында облыстық мәслихат төраға­сы Мұрат Тілеумбетов жаңа Конституцияның елдің бірлігі мен тұрақтылығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту­ға бағытталғанын атап өтіп, аталған реформалар­ға қолдау білдіру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: