Сенбі, 15 наурыз, 14:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Күн-Адам болайықшы бәріміз…

15.03.2025

14 0

Көктем мейірімділік пен жылулыққа толы ай. Биыл қасиетті Рамазан айы көктеммен тұспа-тұс келіп, көңілге қуаныш ұялатқандай сезімдеміз. Өткен жылдан бері Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып келеді. Мұндағы мақсат мерекенің түпкі мәніне қайта оралу. Бір күн емес, он күн бойы тойланған бұл мерекеде аста-төк шашылу емес, әр күнінде мән бар. Кеше Амал мерекесінен бастау алған наурызнама кестесі бойынша бүгін – «Қайырымдылық күні». Қайырым жасау мұқтажға ақша беру немесе сыйлық жасаумен ғана шектелмесе керек. Кейде айналаңды жылы сөзбен, жақсы ісіңмен, көркем мінезбен де қуанышқа бөлейсің. Меніңше, ең ізгі амал осы. Ақын Назира Бердалының «Күн-Адам» деген өлеңі қайырымдылық күнінің мәніне дөп түскендей.

Пәк дәптері адамзаттық күнәдан,

Жоқ сәттері жұрт алдында жылаған…

Айналаға жылу сыйлап жүретін,

Әркімде бар Күн-Адам.

Ең бірінші соны іздейміз мұңайсақ,

Естен шығып кетер кейде… қуансақ.

Өз жүрегі, өз көңілі Күн аңсап,

Күліп жүре береді ол.

Күн-Адам.

Ешкімнің де қайтармайды меселін,

Ешкімге де айта алмайды кеселін,

Түні бойы жасқа шылап төсегін,

Таңда күліп оянады, Күн-Адам.

Күн бар кезде тіршілік бар, тіріміз,

Адам-Күннің қадірін біліңіз!

Бізде де бар Күннің титтей бөлшегі,

Сыйлайықшы, бірімізге-біріміз.

Күн-Адамым, ұзақ өмір сүріңіз!..

P.S  Айналымызға жылу сыйлап жүретін Күн-Адам болайықшы…

Гүлмира МАҒЛҰМҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: