Сенбі, 27 қыркүйек, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Листериоз ауруы туралы білесіз бе?

27.09.2025

35 0

ЛистериозListeriamonocytogenes бактерия тудыратын қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру адамға жануарлардан, ластанған тағам өнімдері мен су арқылы жұғады. Әсіресе жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, қарттарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға үлкен қауіп төндіреді.

Аурудың таралу жолдары: Листе­риоз бактериясы топырақта, суда, өсім­діктерде және жануарлардың ағзасында ұзақ уақыт өмір сүре алады. Адамға инфекция көбінесе:

– ластанған көкөністер мен жемістер;

– пастерленбеген сүт және одан жа­сал­ған өнімдер (қатты ірімшік, сүзбе, т.б.);

– шала піскен ет, балық арқылы жұғады.

Бактериялар тоңазытқыш температу­расына төзімді. Сондықтан салқында сақталған тағамдарда белсенділігін жоймайды. Бұл – листериоздың ерекше қауіптілігін арттырады.

Листериоздың негізгі белгілері:

Листериоздың жасырын кезеңі – 3 күннен 70 күнге дейін созылуы мүмкін. Бастапқы белгілері:

– дене қызуының көтерілуі,

– бұлшықет ауруы,

–  жүрек айну, құсу, іш өту.

Иммунитеті әлсіз адамдарда және жүкті әйелдерде листериоз асқынған түрде өтеді. Жүкті әйелдерде түсік тастау, өлі туу немесе нәрестенің туабітті аурумен тууының негізгі себептерінің бірі – осы листериоз ауруы.

Листерияны жұқтыру мүмкіндігін қалай төмендетуге болады?

Жалпы ұсыныстар:

• Шикі көкөністерді тұтынбас бұрын оларды мұқият жуыңыз.

• Сиыр еті, шошқа еті немесе құс еті сияқты жануарлардың шикі етін мұқият пісіріңіз.

• Көкөністерді, пісірілген тағамдарды және пісірілмеген етті тоңазытқышта бөлек сақтаңыз.

• Пастерленбеген сүтті ішпеңіз және одан жасалған тағамдарды тұтынбаңыз.

• Шикі тағамдарды ұстағаннан кейін қолыңызды жуыңыз.

• Нанға, көкөніске, шикі етке жеке-жеке пышақтармен кесетін тақталарды бөлек арнау керек. Оларды таза ұстау керек.

Листериоздың алдын алу үшін жоға­рыда аталған ұсыныстарды орындау қажет. Бұл ұсыныстар тағамды қауіпсіз өңдеуді қамтиды.

Азық-түлік қауіпсіздігінің бес қадамы:

• Ас үй аумағын таза ұстаңыз.

• Пісірілген және пісірілмеген тағам­дарды бөліңіз.

• Мұқият пісіріңіз.

• Қауіпсіз тағам температурасын сақтаңыз.

• Таза су мен таза құралдарды пайдаланыңыз.

Қауіпті листерия микробтары түрлі тағамдардан жасырын жұғу арқылы ауыр ауру тудырады.

Қорыта айтқанда, листериоз – сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті жұқпалы ауру. Оның алдын алу үшін тазалық сақтау, тағам өнімдерін дұрыс өңдеу және сақтау – ең басты шарт. Әсіресе жүкті әйелдер мен иммунитеті төмен адамдар қосымша сақтық шараларын қатаң ұстануы қажет. Листериоздың вакцинасы жоқ болуына байланысты сақтық шараларына аса мән беру керек. Халықтың санитариялық сауаттылығы артып, қауіпсіздік шараларын ұстанса, листериоздың алдын алуға толық мүмкіндік бар. 

А.Құнанбайқызы,

«Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» РММ-нің дәрігер-бактериологы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: