Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мәңгілік даңқ мемориалы ашылды

11.05.2024

1004 0

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Ел қорғаған ерлерге құрмет толастамақ емес. Қалаға қарасты Қараөзек ауылында «Мәңгілік даңқ» мемориалы ашылды.

Мемориал ауылдағы мектептің жанында орнатылды. Алаңға ауыл тұрғындары жиналып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Мұнда Қараөзек елді мекенінен сұрапыл соғысқа аттанған 27 жауынгер мен тылда бел жазбай еңбек еткен азаматтардың есімдері қашалып жазылған. Ұйымдастырушылар майдангерлердің тізімін толықтыруға қажетті мәліметтерді тірнектеп жинаған.
– Бүгін біз үшін ерекше күн болып тұр. Ауыл төрінен ашылған ескерткіш тақта майдан даласында опат болған бабалар ерлігін дәріптейді. Менің әкем де төрт жыл тыныштықты алған соғысқа қатысып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Олардың батырлығы осы мемориал арқылы бүгінгі буынға үлгі болады, – дейді ауыл тұрғыны Тұрғанкүл Қойлыбаева
Енді бұл орын батыр бабалардың ұрпақтары үшін жиі келіп, тағзым ететін маңызды жерге айналмақ.


Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: