Сенбі, 07 маусым, 12:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Майданнан хат

10.05.2025

69 0

Нәліқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектепте өткен «Майданнан хат» танымдық кеш соғыс жылдарындағы жауынгер ақын-жыраулардың шығармашылығын насихаттау арқылы оқушылардың бойына отансүйгіштікті сіңіруді мақсат етті. Жауынгер хаттары арқылы сарбаздардың майдан даласындағы көңіл-күйі мен елге, отбасына  деген сағынынышы көрсетілді.

Іс-шараға Қызылорда облыстық филар­мониясы жанындағы Жыраулар үйінің дәстүрлі орындаушылары, мектеп ұстаздары мен оқу­шылар қатысты. Мектеп директоры Мария Байділдаева сөз алып, тәрбиелік шараның маңызын атап өтті.

«Мереке» домбырашылар ансамблі Қадыр Мырза Әлидің «Қазақ осы» әнін орындап, көрермендер жүрегін тебірентті. Сонымен қатар соғыс жылдарында майданнан жазылған хаттар, жауынгерлердің жырлары, ақын Жұмағали Саин, Қасым Аманжолов, Сырбай Мәуленов, Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары оқылып, сахналық көріністер арқылы көрерменге жол тартты.

Шара барысында сөз алған жыраулар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір дастанды үш сағат жырлай алатын шеберлігі жайында әңгімеледі. Марат Сүгірбай, Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева секілді өнер майталмандары жыраулық өнердің қазіргі замандағы маңызы мен болашағы жайлы ой өрбітті.

Аңыз тұлға Әбіш Кекілбаевтың «Өнер үшін яки өнерпаз үшін бір-ақ өмір бар – ол үздіксіз ізденіс» деген сөзі осы кештің ұранына айналды десе де болады. Ал жыршы Алмас Алматовтың: «Өнер мұрагер ұрпақтары арқылы ғана дәстүрлі сипатқа айналады» деген пікірі – осындай тәрбиелік іс-шараның басты идеясы.

М.АЯПОВА,

Н.Ергешбаев атындағы

№172 орта мектептің мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: