Сенбі, 01 қараша, 06:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Мейірім мен ізгілікті ту еткен

01.11.2025

51 0

Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлердің басты міндеті – халыққа қолдау көрсету және аза­маттардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Бұл сала ма­мандарының еңбегі қоғам­ның тұрақтылығы мен сенімнің орнауына тікелей сер­пін берері анық. Осы орайда әлеу­меттік қор­ғау саласы қызмет­керлері­нің кәсі­би мерекесіне ар­­нал­ған сал­та­нат­­ты жиын А.Тоқмағамбе­тов атындағы қа­лалық мәдениет үйін­де өтті. Іс-шара­ға әлеуметтік сала маман­дары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғамдық бірлестік же­текшілері қатысты.

Іс-шара барысында әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға және ха­лыққа сапалы қызмет көрсетудегі жоғары көрсеткіш­тері үшін бірқатар сала үздіктеріне қала әкімінің Алғыс хаттары та­бысталды. Бұл құрмет – олардың кәсіби біліктілігі мен қоғам игілігі жо­лындағы еңбегінің бағасы.

– Әлеуметтік қор­ғау саласын, біздің жұ­мысымызды ес­ке­ріп жатқанына қала әкіміне алғыс білдіреміз. Қала әкімі­нің алғыс хатымен мара­патталдық. Бұл – біз үшін жоғары белес. Алдағы уақыт­та экономикалық даму мен тұрғын­дардың әлеуетін арттыруда бірқатар жұмыстар атқарамыз деп сенемін. Әлеуметтік салада еңбек ету – жауапкершілігі мол міндет. Сон­дықтан біз әр азаматтың жағдайына бейжай қарамай, қашанда қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз, – деді әлеуметтік сала маманы Шынар Берікқызы.

Шара соңында қала әкімдігі әлеу­меттік қорғау саласында абыройлы қызмет етіп жүрген барша мамандар­ға ізгі тілектерін білдіріп, кәсіби мере­келерімен құттықтады.

Айдана Бахтияр

Мейірім мен ізгілікті ту еткен
Мейірім мен ізгілікті ту еткен

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: