Сейсенбі, 13 мамыр, 16:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Мейірімді Ғалия

13.05.2025

21 0

  Мейіргер мамандығы барынша мейірбан адамның пешенесіне жазылған секілді көрінеді. Себебі науқаспен сөйлесіп, көңілін табу, жылы сөзбен емдеу екінің бірінің қолынан келмейді. Оған сабыр, төзім керек.   Ғалия бала күнінен ақ халат киіп мейіргер болуды армандағандардың бірі.Алақандай кентте  өсіп, бойжеткен шынашақтай қыздың арманы көп еді. Ол орталыққа жолы түсіп барса, дәрігерлердің аядай бөлмесінде зыр жүгіріп жүретін ақ халаттыларға қызыға қарайтын. «Мен де ақ халат киіп, елге пайдам тиіп, сырқаттарға көмектессем» деп іштей асқақ арманға қол созатын.   Алға қойған мақсатына жету үшін сабақтан бас алмай, ізденумен болды.

Арманы орындалып, 2003-2007 жылдары медициналық колледжді «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітіріп, алғаш еңбек жолын  көпбейінді облыстық аурухананың көз аурулар бөлімшесіне мейірбике болып бастады. Мұнан соң  2016-2018 жылдары медициналық  жоғарғы колледжде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқып, «Қолданбалы бакалавр» біліктілігін алды. «Талпынған жетер мұратқа»  дегендей,  2019-2021 жылдары Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетін бітірді. 

– 2015 жылдан бастап қабылдау бөлімшесінің кеңейтілген тәжірибелі мейіргері қызметіндемін. Еңбек өтілім – 16 жыл. Отбасылымын. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырмын. Жолдасым Айтуған Оспанов  облыстық жедел жәрдем станциясында жүргізуші қызметінде.  Екеуміз де денсаулық саласында жұмыс істейміз.  Мейіргерлік мамандық төзімділікті, еңбектенуді талап етеді.  Бүкіл елді дүрбелеңге түсірген пандемия кезеңінде қатты қиналғаным есімде.  Талай жастар қатерлі дерттің құрбанына айналып көз алдымызда жан тапсырды.  Іштей жылап тұрсақ та, қайратқа мініп, науқас  адамдардың өзіне, ағайын-туысына қолдау көрсетіп, жылы сөз айтуға тырыстық. Енді пенденің басына мұндай қасіретті көрсетпесін.  Көзге көрінбес тажалмен арпалысқан сәттерді ешқашан ұмытпаймын. Қиындық артта қалды. Қалыпты қызметімізге оралдық.  Ең бастысы, ел тыныш  болсын, – дейді Ғалия Байжанқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: