Сейсенбі, 12 тамыз, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Мектеп жәрмеңкесі өтуде

12.08.2025

55 0

Жыл сайын елімізде жаңа оқу жылы басталардың алдында дәстүрлі түрде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылатыны белгілі. Акцияға өз үлестерін қосу мақсатында жергілікті тауар өндірушілер А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жанында мектеп жәрмеңкесін өткізуде. 

Жәрмеңкеде мектеп тауарлары мен оқу құралдары қалтаға қонымды бағамен сатылуда. Сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілер оқушыларға арналған киімдерді нарықтағы бағадан төмен ұсынуда.  Тіпті  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырған. Олардың қатарында «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ және «Бибі-Айша» тігін цехы де бар. Мектеп жәрмеңкесі қыркүйектің 1-не дейін жалғасады.

Әрбір жаңа оқу жылы оқушылар үшін үлкен мереке. Олар осы күнді асыға күтіп, мектеп табалдырығына жақсы көңіл-күймен қадам басады. Сондықтан бүлдіршіндерді мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуде осындай шарапатты шаралардың шапағаты тиері анық.

Мектеп жәрмеңкесі өтуде

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: