Жексенбі, 07 желтоқсан, 07:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызмет сапасы – қоғам дамуының негізі

15.11.2025

132 0

Қазіргі заманғы мемлекеттік басқаруда мемлекеттік қызмет көр­сету – азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимылының басты тетігі. Мемлекеттік қызметтердің сапа­сы – халықтың мемлекетке деген сенімі мен қанағаттану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік бас­қару жүйесінде азаматтарға көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі аса маңызды рөлге ие.

Мемлекеттік қызметтер – ха­лықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін, мемлекеттің тиімділігі мен сенімділігін айқындайтын не­гізгі көрсеткіштердің бірі. Бұл процестің ашықтығы, жеделдігі және ыңғайлылығы – азаматтардың мем­лекеттік органдарға деген сенімін қалыптастырады.

Қазақстанда мемлекеттік қыз­меттерді цифрландыру және ашық­тықты арттыру бойынша бірқатар реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасында цифрландыру, ха­лыққа жақын болу бағытындағы реформалар мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіруге ба­ғытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесі – азамат пен мемлекет арасындағы ең басты өзара іс-қимыл алаңы. Бұл процестің тиімділігі мемлекеттің ашықтығы мен халыққа деген қамқорлығын айқындайды.  Заман талабы – қызметтерді барынша жылдам, ыңғайлы әрі қолжетімді ету. Осы мақсатта мемлекеттік қыз­меттерді цифрландыру, «Бір те­резе» қағидатын енгізу, қызмет­кер­лердің біліктілігін арттыру және кері байланысты нығайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 

Ақсуат ауылдық округі әкімдігі орналасқан ғимаратында қажетті техникалық  құралдарымен қамта­масыз етілген «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 13 желтоқсан 2023 жылғы №899 бұйрығымен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық тү­сін­діру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әкім­­шілік ғимаратында халыққа құқық­­­тық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамаларын өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беру және құқықтық ақпаратқа қол­жетім­ділікті қамтамасыз ету мақ­сатында ашылған «Құқықтық ка­бинет» жұмыс істейді.

«Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға алты мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге ше­шім беру», «Сауда-саттықты (кон­курстарды, аукциондарды) өткізу­ді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншік­ке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» қызметтері;  «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».

Ханзира Арысбаева,

«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: