Сенбі, 06 желтоқсан, 00:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер науқаны өтті

06.12.2025

25 0

Қазақтың қанында бар қасиет ұр­пақтың жадынан ешқашан өшпейді. Қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі.

Әрине, сауапты іспен айналысу дұрыс нәрсе. Тіпті, бүгінгідей сәтте көмекке зәру жандар көп. Сон­дықтан өңірде мемлекеттік қыз­метшілерді жақсы іске тарту, сол арқылы ұлттың болмысында ғасырлар бойы қалыптасқан қайырымдылық қасиеттерін насихаттау мақсатында бүгінде департамент тара­пынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 15 қарашасында «Таза Қазақстан» респуб­ликалық шарасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйым­дастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ерікті сту­денттері мен жас мемлекеттік қыз­метшілер бірлескен  экологиялық акция өткізіп,  қаладағы ботаникалық саябақ аумағын қоқыстан тазартты.

Шараның мақсаты – қоғамда эко­логиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанаршылық таныту және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Акция барысында қатысушылар тарапынан пластик, тұрмыстық қалдықтар және түрлі қоқыс түрлерін сұрыптап, экологиялық жауапкершілікті насихат­тап, демалушыларға тазалықты сақтау бойынша үндеу жасады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі­нің өкілдері жастардың белсенділігі мен үлесін ерекше атап өтіп, осындай шаралардың қоғамға үлкен пайда әкелетінін жеткізді.

Бұдан бөлек, өңірдегі барлық қала және аудандардың әкімдіктер тара­пынан еріктілерді тарта отырып, эко­логиялық акцияларға қатыстырып, арда­герлерге көмек көрсету шараларды ұйымдастырды.

Мысалы, Қызылорда қаласының әкімдігімен бірге 2025 жылдың қазан-қара­ша айларының аралығында волонтер­лердің (еріктілер) қатысуымен «Таза ел – жарқын болашақ: жастардың эко­логиялық мәдениеті» атты кездесу жиыны және «Ардагерге құрмет» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар  қала жастарының қатысуымен тұрақты сенбі­лік өтуде. 

Жаңақорған ауданының әкімдігімен 2025 жылдың қазан-қараша айларында Хорасан ата кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Еріктілер мен ауыл жастары кесене айналасын қоқыс­тан тазартып, абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.

Ардагерлер және қолғабыс көрсету акциясы өтті. Еріктілер ардагерлерге қажетті көмек көрсетіп, тұрмыстық және әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырды.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудан жастары та­биғатты қорғау, экологиялық мәде­ниетті арттыру мақсатында ағаш отыр­ғызу, қоқыс жинау және экология­лық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы өтті. Әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға азық-түлік және қажетті заттар табысталды.

Арал ауданының әкімдігімен бірге 2025 жыл­дың 15 қазанында «Волонтерлік –  ізгілікке қадам» атты волонтерлік қозға­лысқа кіріспе сабағы өтті. Сабақ барысында жастар волонтерлік қызмет туралы нақты мағлұмат алды. Кездесу барысында болашақ волон­терлер Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Волонтерлік қыз­мет туралы» заңымен, волонтерліктің негізгі үш қағидасымен және бағыт­тарымен танысты. Сонымен бірге қатысушылар волонтерліктің қоғамдағы рөлін айқындап, оның негізгі құқықтық негіздерімен де танысты.

Сабақтың келесі бөлімінде жас ұлан көшбасшылары эмоциялық интеллектті дамытуға арналған қызықты жаттығулар орындап, бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Олар өз эмоцияларын басқаруды және өзгелердің сезімін түсінуді үйренді.

Ал «Арманымызды ұшырайық» атты шығармашылық ойында әр қатысушы өз арманын қағаз ұшаққа жазып, биікке ұшырды. Бұл әрекет еріктіліктің басты мақсаты – ізгі ниет пен биік арманды бейнеледі.

Мұндай үлгі тұтарлық игі шараның басты шарты – жастар тәрбиесінде атқарылып жатқан жұмысты жандандыру, елімізде салауатты өмір салтын жақсарта түсуге үлес қосу. Алдағы уақытта осындай науқандар жалғасын тауып, мемлекеттік қызметшілер еріктілер ісіне өз үлестерін қоса береді.

Т.Нуртаев,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: