Дүйсенбі, 31 наурыз, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады?

29.03.2025

367 0

«Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алдырған», – деген өлең жолдары бүгінгіні нұсқаған тәрізді. Кейінгі кезде азаматтардың мемлекеттік қызметті алуы жеңілдеп, ғаламтор арқылы кез келген уақытта, кез келген жерде қол жеткізуі көптің көңілінен шығуда.

Мұндай мүмкіндіктерге мемлекеттік қызметтер порталын пайдалану арқылы да алуға болады. Электрондық өтінішті тәулік уақытына, мереке және демалыс күндеріне қарамастан кез келген уақытта интернет желісіне рұқсаты бар кез келген компьютер, планшет немесе ұялы телефон арқылы беруге болады. Қызметті алу үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Электрондық өтініш пен қажетті құжаттар тізімін мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жіберу жеткілікті. Бұдан әрі сіз өз өтінішіңіздің орындалу барысын бақылайсыз.

Портал мүмкіндіктерін жеке және заңды тұлғалар, кәсіпкерлер мен шетелдік азаматтар пайдалана алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы мемлекеттік қызметтер, функциялар, ведомстволар туралы ақпаратты ұсынуға, сондай-ақ электронды түрде қызметтер көрсетуге арналған. Оның көмегімен қызметті электронды түрде алу, мемлекеттік қызмет көрсету, алу орны, құны, көрсету мерзімдері және құжаттардың үлгілері туралы ақпарат алу, мемлекеттік мекемелер туралы ақпарат алу тәрізді қызметтерді ала аласыз.

Электрондық түрде мемлекеттік қызметті алу туралы өтінішті беру мүмкіндігі болу үшін азамат мемлекеттік қызмет көрсету порталында болуы тиіс. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Портал арқылы төлқұжатты алуға, айыппұлды төлеуге, автокөлікті тіркеуге, көлік құралын тіркеуден алып тастауға, атқарушылық іс жүргізу бойынша ақпарат алуға, атқарушылық іс жүргізудің бар-­жоғы туралы анықтама алуға және тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтуге болады.

Мемлекеттік қызмет порталын пайдаланудың артықшылықтары көп. Әуелгісі – тәулік бойы қолжетімділік. Сондай-ақ қызметті кез келген электрондық құрылғыны пайдалана отырып, интернет желісі арқылы сізге ыңғайлы кез келген жерден алу, жазбаша растауды күтудің қажетінің жоқтығы, есептік құжаттардың бланкілерін сатып алуға жұмыс уақытын, сондай-ақ ақшалай қаражатты үнемдеу, кезектердің болмауы, жедел ақпараттандыру, қолдау қызметінің болуы, есептілікті жеткізуді растау, сыбайлас жемқорлықтың болмауы, себебі өтініш беруші қызметті алу үшін тікелей ведомствоға өтініш білдірмейді, өтінішті өңдеу бойынша жұмыстың әрбір кезеңінде ақпараттандыру, бланкілерді толтыру кезінде қателерді болдырмау, қызметті алудың тіркелген мерзімі, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу салдарынан бюрократиялық сымдарды жою тәрізді артықшылықтар да бұл сервиске оң көзқарас танытуға әкеледі.

Эльмира АЛМАГАНБЕТОВА,

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: