Дүйсенбі, 25 қараша, 05:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мерейлі отбасылар құрметке бөленді

14.09.2024

1292 0

«Тәрбие басы – тал бесік» деген қазақ даналығы. Халқымыздың сан ғасырдан бергі тәлім үлгісін айшықтаған ерекше іс-шаралардың бірі «Отбасы орталығында» «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» деген атпен өтті. Мұнда өңірдегі мерейі үстем, мәртебесі биік отбасылар құрметке бөленді. Оған азаматтық қоғам өкілдері, қоғам белсенділері және жас отбасылардың қатысуымен ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
Жиында сөз алған қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Бөкенбайұлы азаматтық қоғам өкілдері мен қоғам белсенділерінің арасындағы бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып, отбасының түтінін түзу ұшырып, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде мұндай отбасылардың маңызы жоғары екеніне тоқталды.
Салтанатты шарада жас отбасы, 10, 15, 50 жыл бір шаңырақ астында жарасым құрған отбасыларға қала әкімінің құттықтауы табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
Сондай-ақ, алтын той, күміс той иелері жастарға сан-салалы қызметте еңбек етіп, отбасының ынтымағы мен тыныштығын сақтау, қызмет пен ұрпақ тәрбиесін қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, отбасының қызықты оқиғаларымен бөлісті.


«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: