Жексенбі, 29 желтоқсан, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мерекеңмен, Қызылорда!

01.10.2024

222 0

Алаштың Ақмешіті деп айдар тағылған шаһарымыздың тарихына зер салсақ, сонау қамысты қала атауын иемденген тұстан бастап, Қоқан хандығы тұсындағы Ақмешіт бекінісі, Ақмешіт уезі атанған. 1925 жылы Қызылорда атауымен еліміздің бас қаласына айналған Қызылорданың биыл 206 жылдық мерейтойын тойлаудамыз.
Бүгінде Қызылорда қаласының көркі керемет құлпырған. Көз тартарлық ғимараттар салынып, сәулетті қалаға айналды. Қоғамның көптеген саласында даму бар. Салынып жатқан жаңа үлгідегі тұрғын үйлердің тұрғындары қандай бақытты?! Дарияның сол жағалауынан қас-қағым сәтте бүтіндей бір қала тұрғызылды. Аумағы абаттанған Ақмешіт талай жанның шабытын шырқатып, қанат бітіріп тұр.
Мен қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтай отырып, еліміздің өркендеуі жолында бірге қызмет жасауға шақырамын.

Аякөз ӘБДІРАЗАҚОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: