Сейсенбі, 24 ақпан, 01:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Милан Олимпиадасы ел спортына не берді?

24.02.2026

39 0

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен ХХV қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 94 мемлекеттің ішінде 19-орынға тұрақтап, ел қоржынына бір ғана алтын медаль салды. Бұл жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды.                   

Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ елі қысқы Олимпиадада алтын медальді бұған дейін тек 1994 жылы Лиллехаммерде иеленген еді. Араға отызға жылдан аса жуық уақыт салып, Қазақстан қайтадан Олимпиада шыңына көтерілді. Оның үстіне бұл жолы жеңіс жүлдесі спорттың жаңа қырынан, мәнерлеп сырғанаудан келді. Михаил Шайдоров – қысқы Олимпиада тарихында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанған тұңғыш қазақстандық. Бұл ел спортының географиясы кеңейіп жатқанын аңғартады. Бұған дейін қысқы ойындардағы табыс көбіне шаңғы, биатлон, коньки спорты арқылы келген екен.

Қысқы олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан 19-орынға жайғасты. Көш басында Норвегия, одан кейін АҚШ пен Нидерланд құрамалары тұр. Бір қызығы, жалпы есеп­те Қазақстан Финляндиядан алға шықты. Бұл – қысқы спорт дәстүрі қалыптасқан мем­лекет­­термен бәсекеде белгілі бір деңгейге жет­кеніміздің белгісі. Тәуелсіздік жылдарын­дағы көрсеткіштерге көз жүгіртсек, 1994 жылы Қазақстан 12-орыннан көрінсе, кейінгі олим­пиадаларда нәтижелер тұрақсыз болды. Жүлдесіз қалған жылдар да, қола немесе күміс жүлдені қоржынға салған кезеңдер де болды. 2022 жылғы ойындарда тіпті медаль бұйырмаған еді. Осы тұрғыдан алғанда, Милан Олимпиадасы – құлдыраудан кейінгі серпіліс.

Михаил қоржынға салған, жалғыз алтыннан бөлек, бірқатар спортшылар үздік ондыққа енді. Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау), Надежда Морозова (3000 және 5000 метр), Елизавета Голубева (1500 м), Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру), Денис Никиша (шорт-трек), Анастасия Городко мен Павел Колмаков (фристайл-могул) және басқа да спортшылар жоғары нәтижелер көрсетті. Қалай болғанда да, Италия төріндегі бұл Олимпиада Қазақстан спортына жаңа үміт сыйлады. Бір алтын сан жағынан аз болуы мүмкін. Бірақ кейде бір медальдің салмағы бүтін бір кезеңнің бағытын өзгертуге жеткілікті болмақ.

Айдана БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: