Сенбі, 06 қыркүйек, 03:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Мұнайлы өңірдің мұраты биік

06.09.2025

41 0

Сыр өңірінің экономикасының қарыштап дамуына, өңірдегі құрылыс қарқынының өркендеуіне, халықтың әлеуетінің артуына мұнай өндірісінің ықпалы зор.  Кезінде  Отан соғысының отты жылдарында мұнайдың қадір-қасиетін классик ақын Асқар Тоқмағамбетовтен артық ешкім жеткізе алмаған шығар…

Мұнайшылар, мұнай бер,

Соны сізден сұрайды ел, – деген өлеңді газеттен оқитынбыз, ұран ретінде жазылған үзінділерін көшеде де, өндіріс орындарында да көретінбіз. Сондықтан санада жатталып қалған. Сол қара алтынның бүгінде бәсі жоғарыламаса төмендеген емес. Өткен жылы Қазақстан мұнайының 125 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Бұл өз ғұмырын мұнай-газ өнеркәсібімен байланыстырған геологтар, бұрғылаушылар, энергетиктер, құрылысшылар және тасымалдаушылардың да мерекесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мұнай және газ саласы отандық шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістерді оқшаулауға айтарлықтай серпін береді» – деген болатын.

Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы – Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады. Сол кезеңнен бері Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды. Қазірдің өзінде, игерілген кен орындарының көпшілігі өндірістің соңғы сатысына шығып, қалған қорын өндіру қиын болғанымен мұнай-газ саласы біздің аймақтың экономикасын дамытуда үлкен рөл атқарады. Тіпті олардың демеушілігімен көптеген әлеуметтік нысандар ашылуда.

– Мұнай компаниялары аймақтағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен жобаларды шешуге қолдау көрсетуде. «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен құны 2 млрд 350 млн теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы салынып, пайдалануға берілді. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен жалпы құны 4 млрд 800 млн теңгені құрайтын 650 орындық заманауи үлгідегі жаңа музыкалық колледж ел игілігіне берілді. «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы жыл сайын түрлі қайырымдылық акцияларына белсене қатысып келеді. 2004 жылы «Қазгермұнай» компаниясы газ өңдеу қондырғысын орнатып, нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. 2010 жылы автокөліктерге арналған сұйытылған газ өңдеу қондырғысын орнатып, тұтынушыларды газбен қамтуда, – деген еді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Мұнай Қазақстан үшін басты игіліктің көзі болып қала береді. Оның қатарында Сыр өңірінің болуы болашақ көкжиегіміздің жарқын екенінің айғағы.

Мұнайлы өңірдің мұраты биік

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

Суретке түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: