К.Қаракөзов атындағы мектеп-гимназияда кітапханашылардың ұйымдастыруымен
«Мұзарт таудың мұзбалағы – Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кездесу мақсаты – қазақ поэзиясының заңғары Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында 10-сынып оқушылары «Болашаққа арыз жазып кетейін…» тақырыбында әсерлі көрініс қойды. Ақынның жан дүниесін, өмірге, қоғамға және келешек ұрпаққа деген ой-толғанысын сахна арқылы шебер жеткізе білді. Оқушылар ақынның сезімге толы жырларын көркем бейнелеп, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұл көрініс арқылы ақын поэзиясының тереңдігі, адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптейтін тағылымы айқын көрініс тапты.
Сонымен қатар іс-шарада Мұқағали Мақатаев туралы Нұрғиса Тілендиевтің естеліктері мен ақын анасының жүрек тебірентерлік ой-пікірлері оқылып, ақын тұлғасын жаңа қырынан танытуға мүмкіндік берді. Бұл естеліктер көрерменге ерекше әсер сыйлап, ақынның адами болмысы мен шығармашылық әлемін тереңірек түсінуге жол ашты.
Поэзия мен музыка үндескен әсерлі кешке оқушылар белсене қатысты. Ақиық ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды, арнау өлеңдер айтып, ән шырқалды.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы әдебиетімізді дәріптеп, рухани құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіре берейік!
Роза Әбдікәрімова, Айнагүл ТІлеубаева,
К.Қаракөзов атындағы мектеп-гимназия кітапханашылары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!