Ұлттық домбыра күніне орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Домбыра – асыл мұра» атты музыкалық сағат өтті. Мәдени шараның мақсаты – белгілі күйші-композиторларымен таныстыру және домбыраны дәріптеу.
Шараға «Бегім ай» өнер орталығының «Жас өркен» домбыра үйірмесінің оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Домбыра үйірмесінің оқушылары «Келіншек», «Адай», «Балбырауын» күйлерін тартып, көрерменді бір серпілтті. Шара аясында «Нағыз қазақ – Домбыра» атты көрме ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері домбыраның тарихын айтып, көрмені оқырмандарға кеңінен таныстырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!