Сейсенбі, 13 қаңтар, 04:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Несие арзандады

13.01.2026

47 0

Елімізде несие нарығы бойынша жаңа шектеулер пайда болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, банктік несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін төмендетті.

Жаңа шешімге сәйкес сыйақы мөлшерле­месі кепілсіз банктік несиелер бойынша ең жоғары 46 пайыз боп бекітілді. Бұл көрсеткіш бұған дейін 56 пайыз деңгейінде болатын. Аталған талап 1 шілдеге дейін қолданылады. Осы уақыт аралығында кепілмен  берілетін несиелер бойынша шекті мөлшерлеме 35 пайыз, ал ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін 25 пайыз деңгейінде белгіленді. Соны­мен қатар микроқаржы ұйымдары ұсынатын микрокредиттер бойынша артық төлемнің ең жоғарғы шегі қысқартылды. Атап айтқанда, мерзімі 45 күнге дейін және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредит үшін сыйақы мөлшері 0,3 пайыздан, ал жылына 179 пайыздан аспауы тиіс.

Мамандардың айтуынша, бұл уақытша сипатқа ие болса да, экономикалық тұрақ­тылыққа бет алған қадам ретінде көруге болады. Мұндай шектеулер арқылы нарықта инфляциялық қысым бәсеңдеп, базалық мөлшерлеме төмендеген жағдайда несие пайызы реттеледі. Қазіргі таңда мемлекет әлеуметтік және қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында осындай қадамға барып отыр. Экономист Айбар Олжайдың айтуын­ша, банктердің депозиттік міндеттемелерін жоғары пайызбен орындап отырса да, несие пайызына қойылған шек олардың қызметіне түбегейлі әсер етпейді.

– Мұндай шаралардың негізгі идеясы шамадан тыс кредиттерді тоқтату десе болады. Себебі азаматтардың қаржылық сауаттылығы төмен болғандықтан үстеме пайызы қанша жоғары болса да несие алуын тоқтатар емес. Сондықтан белгілі бір шектік пайызды енгізуге тура келді. Бұдан банктер пайдадан қағылды деуге келмейді. Бұл нарық өзін-өзі реттей алмай азаматтар несиенің пайызына қарамай ала беретіндіктен, болашақта әлеуметтік қиындық болмауы үшін жасалған шара, – деді экономист Айбар Олжай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: