Сейсенбі, 07 қазан, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Нысанада – қала келбеті

07.10.2025

121 0

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы мен қала күніне орай «Қызылорда – жастар қаласы» атты фото көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде шаһардың сәулетті келбеті мен заманауи тынысын бейнелеген түрлі жанрдағы фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір туындыдан Қызылорданың көркем бейнесі мен жастардың шығармашылығы айқын көрінді.

Көрменің мақсаты – қаланың жаңа тынысын жастардың ұшқыр қиялымен көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және туған жерге деген сүйіспен­шілігін арттыру. Осы мақсатта жас фотографтар мен өнерлі жастар өздерінің креативті идеяларын ортаға салды.

Іс-шара барысында қала жастары өздерінің шы­ғар­машылық мүмкіндігін көрсетіп қана қоймай, елжан­дылық пен отансүйгіштік сезімдерін паш етті. Олардың әрбір жұмысы сырлы қала Сыр елінің жаңа бейнесін сомдады.

Сонымен қатар 200-ге жуық жас қаланың мерекесіне арналған жүрекжарды тілектерін «тілек тақтасына» жазып, қала әкімдігіне тарту етті. Бұл жастардың туған жерге деген ыстық ықыласы мен ризашылығын білді­ретін ерекше көрініс болды. Шара соңында бел­сенді қатысушылар мен үздік фотосурет авторлары қала әкімдігі тарапынан марапатталып, Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: