Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өлеңге құрмет

16.11.2024

305 0

Сөз өнерінде өзіндік сүрлеуі бар Қазыбек Әшірбекұлы – адам бойындағы кем-кетікті сықақ өлеңмен сынға алып жүрген белгілі қаламгер. Ағамыздың бұл жолғы жүрісі бөлек. Жерлес ақын Ибрагим Исаның ауыл жайлы керемет өлеңінің әніне әлдекім «Балыққа барам» деп сөз жазып, әндетіпті. Мұны көрген ұлт руханиятының жанашыры ауыл туралы салмақты әнді сайқымазақ еткен әлгіге қатты ренжіген екен. «Ел аузындағы әнге сөз салып айтпас бұрын, оның терең мағынасына зиян келтірмеймін бе деп ойлану керек» деп күйінді ол. Сол мақсатта өзгеге үлгі болсын деп, ойдағы шумағын қағаз бетіне түсірген екен. Назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Ауылды аңсау…

(Аса сезімтал ақын інім Ибрагим Исаның «Елге сапар» өлеңінің ізімен)

Асығып аса алаңдамай әр жаққа,
Алыстағы бармайынша «Арбатқа».
Ауылдың барып ауасын жұтып тұрайын,
Ауладағы АНАМ сүйенген шарбаққа…

Аласұрып алаңдамай бар жаққа,
Барайын деп армандамай әр жаққа,
Ауылға барып демалып бір сәт тұрайын,
Сүйеніп біраз ӘКЕМ істеген шарбаққа…

Бұра бермей ойды түрлі сан-саққа,
«Жәннат» іздеп жүгірмей-ақ жан-жаққа,
Ауылға барып талғанша аяқ тұрайын,
Ауладағы АПАМ сүйенген шарбаққа…

Туған жерден тұрсам дағы алшақта,
Арман қуып кеткенменен алшаққа,
Келіп жиі тұрайыншы тынығып,
Көршідегі ҚҰРБЫМ сүйенген шарбаққа…

Қазыбек Әшірбекұлы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: