Жексенбі, 04 мамыр, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Өнер мерекесі мәресіне жетті

03.05.2025

42 0

Әлем сүйген театр ғажайыбы Сыр өңірінде өз биігін бағындырды. Бір апта бойы қызылордалықтарға әдемі әсер қалдырған фестиваль әлемдік деңгейде аталып өтті. Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына арналған КСРО халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – I» халықаралық фестивалі облыс әкімдігінің қолдауымен өтті. Жабылу салтанатына Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов қатысты.

Румыния, Грузия, Қырғызстаннан және еліміздің әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдар сырбойылықтарға түрлі тақырыптағы қойылымдарын ұсынды. Фестивальдің жабылу кешінде қазылар алқасы топ жарған үздік театр қойылымдарын марапаттады. Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов театр ұжымдарының ең­бегін атап өтіп, оларға алғысын айтты.

– Сыр өңірінде аталып өткен 70 жылдық мерейтой өз мәресіне жетті. Театр тек сахна емес ұлт рухының биіктігін танытатын өнер. Бұл тек бір театрдың ғана емес күллі қазақ елінің мерекесі деуге әбден болады. Халықаралық деңгейдегі Грузия, Румыния және Қырғызстан мен еліміздің 11 кәсіби театр ұжымдары қатысты. Осы апта көлемінде олар тәжірибе мен шеберлік сағаттарын өткізді.  Бір апта көлемінде Сыр халқына рухани демалыс сыйлаған өнерпаздарға алғысымызды айтамыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Арнайы кеште «Үздік актерлік ансамбль», «Ең үздік суретші», «Ең үздік ер бейнесі», «Ең үздік әйел бейнесі», «Ең үздік пластикалық шешім», «Екінші пландағы үздік ер бейнесі», «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» номинациясының иегерлері марапатталды. Өз кезегінде сөз алған Қазақстан театрлар ассосациясының президенті Асанәлі Әшімов фестивальді ұйымдастырған басшыларға алғысын айтты. Театрдың 70 жылдық мерейтойына 70 жыл бұрын театрда алғаш ойнаған рөліндегі монологымен бастап  Абыз Қорқыттың өсиетін жеткізді.

–  70 жылдық мерейтой театр үшін үлкен жас емес. Дегенмен облыс басшыларының көзқарасы өнерге оң болса өнер дамиды. Өнер  дамыса – халық та дұрыс болады. Жиі-жиі өткізіп тұрсаңдар  Сәбираның аруағы риза болар. Мен де Сәбира Майқановамен сахналас, дастарқандас болдым. Көрші тұрған уақытта анам екеуі шүйіркелесіп, шай ішетін, – деді ол.

Халықаралық фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Островскийдің «Найзағай» драмасымен Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры иеленді. Ал І орынға С. Елубайдың «Хансұлу» перформансымен Атырау жастар театры, ІІ орынға М.Каримнің «Ай тутулган тундо» драмасымен Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры лайық деп танылды. ІІІ орынды У.Шекспирдің «Гамлет» драмасын ұсынған Грузиядан келген Н.Думбадзе атындағы мемлекеттік кәсіби балалар мен жасөспірімдер театрына бұйырды.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: