Сенбі, 07 ақпан, 01:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (2222)
07.02.2026
PDF мұрағаты

Өңір мәдениетінің жаңа тынысы

07.02.2026

42 0

Сыр өңірінде руханиятты дамытуға бағытталған маңызды бастамалар қолға алынуда. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында жаңа драма театр және тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салу туралы айтқан еді. «Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек. Өткен сапарымда облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі», – деді ел Президенті.

Заманауи кітапхана мен драма театрдың салынуы өңірдің мәдени өміріне серпін беріп, халықтың сұранысын өтеуге қызмет етеді.   Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан салынатын кітапхана мен драма театрдың құрылыс алаңына барды.

Заманауи, көпфункционалды кітап­хана салуға инвестор есебінен 20 млрд теңге қаралған. Бұл еліміздегі кітап­хана инфрақұрылымын дамытуға, оқыр­мандарға қолжетімділікті арттыруға және өңірлерде ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.

Жаңа кітапхана 1 миллионнан астам кітап қорын сақтауға арналған. Жыл сайын 250-300 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Жаңа нысан – тек кітап сақтайтын орын емес, ол білім мен ой алмасудың, интеллектуалдық дамудың орталығына айналады.

Ал драма театрдың жаңа ғимара­тының салынуы – қазақ театр өнерінің қарашаңырағы саналатын тұрғындарға үшін зор қуаныш, үлкен сый. Жаңа мәдени нысан жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: