Жыл сайын тұрғын үйлер мен пәтерлерде тұрғындардың салғырттығы мен электр жүйелерідың ақаудың себебінен тұрмыстық өрт оқиғалары арта түседі. Қоршаған ортаны өрттен қорғау мақсатында адам өлімі мен жарақаттануын қысқарту жөніндегі іс¬-шаралар жүргізу нұсқауын басшылыққа алып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметкерлерімен жеке құрамдары жұмылдырылып жұмыс істеуде. Жыл басынан бері облыс бойынша әр аптаның сенбі күндері «өрт қауіпсіздігі күні» болып жарияланды. Осыған орай, өрттің себептерін талдау негізінде, облыс бойынша 14272 тұрғын үйді аралап, 68185 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, төмендегі шараларды ескере отырып оқыс оқиғалардан алшақ болуларыңызды сұраймын:
– Жылыту маусымы басталар және аяқталар алдында жылыту пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл қоқыстан тазалап тұрыныз;
– Қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған еденді өлшемі 50х70 см. кем болмайтын есік алды қаңылтырмен қорғаңыз;
– Пештерді жағуды үйден шығар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз;
– Қолдан жасалған қыздырғыш электр аспаптарын, қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленбеген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
– Электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттылығына әкеп соқтырады;
– Электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жиһаздан алшақ, жанбайтын тіреулерді орналастырыңыз;
– Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың тоқ коздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
– Өткізгіштермен кабельдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізілуі қажет;
– Өрт болған жағдайда «101», немесе құтқару қызметінің телефоны «112» номерлеріне телефон соғыңыз.
Нариман Айдарбеков,
Қызылорда қаласы ТЖБ №5 өрт сөндіру бөлімінің
қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!