Сенбі, 05 шiлде, 08:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Өзіміздің өнімнің орны бөлек

05.07.2025

54 0

Жылдағы дәстүрге сай «Өнер» орталығында  «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме байқауы өтті. Конкурсқа қатысушыларды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Соңғы жылдары Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі 18,2%-ға артып, шағын және орта бизнестің үлесі 21%-дан асты. Жылына 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Бүгінде 65 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істей­ді. Мұнда 121 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттардан бастап, жеңілде­тілген несиелер мен мемлекеттік субси­диялар беру арқылы ин­вестиция­лық, қаржылық, инфра­құрылым­дық қол­дау көрсетілуде. Биыл жеке кәсіпкерлікті қол­даудың барлық көзінен 30 млрд  теңгеден астам қаржы қарас­тырылды. Мемлекет басшы­сы экономиканың нақ­ты секторын кедергісіз несиелен­діру мақса­тында бизнес субъекті­лерінің қарыздарына ке­пілдік беру жүйе­сін енгізуді көз­дейтін заң­нама­лық актіге қол қойды. Бұл – кәсіпкерлерге үлкен қол­дау. Енді бизнес өкілдерінің екінші дең­гейдегі банктерге кепіл ұсыну мүмкіндігі болмаса, оған арнайы кепілдік қорының қаржыландыруы арқылы қол жеткізе алады. Баршаңызды алдағы уақыт­та да өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына аянбай еңбек етуге, мемлекеттік бағдарла­маларға бел­­сенді қатысуға ша­қырамыз. Ай­мақтық кон­­курстың жеңім­паздары респуб­­ликалық байқауда үздіктер қа­тарынан көрініп, Сыр өңі­рінің ме­рейін үстем етеді деп сенеміз!, – деді облыс әкімі Н.Нәлібаев.

Байқауға қатысқан  67 тауар өн­дірушінің 9-ы жеңімпаз атанды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша тыңайтқыш өндірісі саласын­дағы «Агрохимсервис», цемент өндірісіндегі «Компания Гежуба Шиелі Цемент» және шыны өнім­дерін шығаратын «Орда Гласс ЛТД» серіктестіктері жеңім­паз атанса, «Үздік азық-түлік тауар­лары» но­минациясы бойынша «Асыл дән LTD», «Таң LTD» күріш өндіруші серіктестіктері, «Әль Баракат Дистрибьюшн» жартылай фабрикат өндіруші серіктестігі марапатталды. «Панабек», «Сыр жиһазы KZ», «Арт-групп Сервис» серіктестіктері «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын  жеңіп алды.

Өзіміздің өнімнің орны бөлек

Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: