Сенбі, 27 желтоқсан, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Отбасым – менің болашағым

27.12.2025

30 0

Жаза басып, темір тордың ар жағындағы өмірді көрген жандарды қоғамға қайта бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтердің пайдасы зор. Себебі тренинг барысында жазасын өтеушілер өздерінің жан сырымен бөлісіп, қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайта түседі. Осы мақсатта «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың қайта әлеуметтенуіне, ішкі ресурстарын қалпына келтіруге және мінез-құлқын түзетуге бағытталған «Менің отбасым – менің болашағым» тақырыбында тренинг  өтті.  Тренингке 15 адам қатысты. Тренингке қатысушылар 3 түрлі жаттығу жасады.  Әр жаттығу соңында қатысу­шыларда қандай сезім пайда болғанын кері байланыс арқылы білдіртті. Тренинг соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, белсенділік танытты.

Зарина БИСЕКОВА,

«Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ психологы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: