Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел дамуына аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға мемлекеттік награда тапсырды. Олардың Қатарында Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев та бар. Ибадулла Дүйсенбайұлын Мемлекет басшысы «Парасат» орденімен марапаттады.
Ибадулла Дүйсенбайұлы – еңбек жолын мұғалім болудан бастап, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқан, мемлекеттік қызметтің баспалдағынан өткен, іскер азамат. Қай саланы басқарса да жұмысты үйлестіре білген білікті маман, білімді басшы болған ол қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымында депутат, мәслихат хатшысы, төрағасы болды. Халық қалаулысы болу – елдің үні болу деген сөз. Бұл орайда, билік пен халық арасында алтын көпір орнатып, елдің мұңын тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселені мінберлерде айтып ғана қоймай, шешімін табуына ұйытқы болуы оны халық қалаулысы атандырды. Қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев бір сұхбатында: «Депутаттың ең үлкен міндеті – халықтың сөзін тыңдап қана қоймай, оны нақты іске асыру. Біз тұрғындардың мәселелерін жинақ¬тап, оны шешу жолдарын ұсынамыз, бақылау жасаймыз. Шешім қабылдап, қол көтеру ғана емес, әлеуметтік нысандарды аралап, жағдайды өз көзімен көру, халықпен үнемі байланыста болу – депутаттық жұмыстың ажыра¬мас бөлігі. Халық сенімін ақтау – біздің ең басты пары¬зымыз. Халық та қоғамдағы өзекті мәселелердің тез шешілуін, бәрінің ашық, әділ болғанын қалайды. Әділ қоғамда адал адамдар болып, адал еңбек етсе, еліміздің болашағы жарқын болады. Бұл – біздің ұрпақтың кейінгі ұрпақ¬қа жасар ең басты міндеті», – деген еді.
Елге қызмет еткен ердің еңбегі бағаланып, кеудесіне «Парасат» орденін тақты. Бұл кейінгі буынға үлгі болар адал еңбектің бағасы екені даусыз.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!