Сейсенбі, 25 қараша, 01:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Қағазсыз қызмет, кезексіз қоғам

25.11.2025

35 0

Осыдан 20 жыл бұрын кез келген анықтаманы алу үшін кабинеттен кабинетке сабылып, бірнеше мемлекеттік мекеменің табалдырғын тоздыру сол заманның шындығы еді. Бір ғана қызметті алу үшін бірнеше құжат арқалап сағаттап, кейде біраз күн уақыт күтуге тура келетін. Кейін 2005 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл Қазақстанның цифрлық кезеңге өтуінің алғашқы табалдырығындай еді. Осы өзгеріс азаматтардың мемлекеттік қызметке деген көзқарасын түбегейлі өзгерте алды. 20 жылда түрлі қиындықтарды бастан өткерген азаматтарға арналған үкімет коор­порациясы бүгінгі таңда нәтижеге жетіп үлкен орталыққа айналды. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық-драма театрында Қызылорда облысы ХҚКО-ның 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Атаулы жиынға Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы арнайы қатысты.

Халыққа қызмет көрсету жобасы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі жаңартудың жаңа жолына айналған еді. Сол кезеңде үкімет екі ірі жобаны қатар іске қосты: «Бір терезе» қағидатына негізделген ХҚКО жүйесі және электронды үкімет жобасы. Бұл азаматтардың әр есікке жүгіретін кеңестік үлгідегі бюрократияны жеңілдетуге, жылдам әрі қолайлы қызмет алуға көмегін тигізді.

Қағазсыз қызмет, кезексіз қоғам

ХҚКО тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибесіне сүйенді. Бұл мемлекеттерде «one stop shop» моделі кеңінен тараған. Дегенмен Қазақстан үкіметі жобаны түбегейлі көшіріп алмай, өз жағдайымызға бейімдеп шығарды. Алғашқы пилоттық жоба Астана мен Алматыда ашылып, бар-жоғы 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2007 жылдан бастап ХКҚО-ға заңды мәртебе беріліп, мемлекеттік қызметтер саны өсе бастады. 2004-2006 жылдары халықтың компьютерлік сауаттылығы 4,3 пайыз болса, интернет қолдану 2,8 пайыз ғана еді. Осыған қарамастан электронды үкімет порталы ХКҚО орталығымен үйлестіру жұмысын бастаған еді.

Жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиев орталық қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, аймақ басшысынң құттықтауын жеткізді.

– Бұл ұйым құрылған кезде мемлекеттік қызметті жылдамдатуға бағытталған еді. 20 жылдан соң қойылған талаптардың біразы орындалды. Бір орында тұрмайтын, әрдайым қозғалыс пен дамуды қажет ететін заман ағымында Мемлекет басшысы өз жолдауында цифрлы құралдарды кең пайдалануды тапсырды. Өңірде 11 қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 1295 қызмет түрі бойынша миллионнан астам қызмет көрсетілді. Сонымен қатар республика бойынша ең бірінші біздің өңірде ХҚКО жобасы енгізілді. Тұрғындардың уақытын үнемдуге арналған жобада баспана сатып алу, тұрғын үй кезегін білу, коммуналдық сала, жер алу мәселелеріне қатысты құжаттар енді бір орталықта рәсімделеді, – деді Данияр Еренғалиұлы.

Айтулы күн қарсаңында саладағы білікті мамандар бас қосты. Арасында «бір терезе» моделін құруға атсалысқан азаматтар да жеткілікті. Жиында сөз алған Зағипа Яхияқызы халыққа қызмет көрсету орталығын ашу кезіндегі ой толғанысымен бөлісті.

– Осыдан 20 жыл бұрын қызмет көрсету орталығын ашамыз дегенде қолдау болмағанын жасыра алмаймын. Дегенмен табандылықтың арқасында, сол кезде бірге жұмыс істеген қыз-жігіттердің еңбегінің нәтижесін бүгінгі күнде көріп отырмыз. Алдағы уақытта да істейтін жұмыстар аз емес. Алғаш орталық ашылған жылы Әділет министрлігі қосылды. Сингапур мен Белоруссия елінің тәжірибесін ЖСН жүйесін қостым. Қазір ЖСН-ді енгізе қалсаңыз барлық жүйе бір орталыққа топтасып, қызмет алу жеңілдегенін көреміз, – деді Зағипа Балиева.

Мерейтой аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының сапасы мен сервисті жеңілдетуге үлес қосқан үздік қызметкерлерге, марапаттар мен арнайы төсбелгі табысталды. Айта кетейік, ХКҚО қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында да жұмыс жүргізілуде.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: