Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қайта жаңғыртудың жайы қалай?

16.07.2024

383 0

Бүгінде өңірде халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар нысан қайта жаңғыртылып жатыр. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қала орталығындағы Шахмардан Есенов көшесіндегі ой-шұқыр талайды әбігерге салып, жұртшылықтың мазасы қашқан еді. Биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қазынадан 41,2 млрд теңге бөлінді. Осы қатарда Есенов көшесіндегі орташа жол жөндеу жұмыстары да бар. Айта кетейік, жалпы бөлінген қаржы 227 шақырым болатын 206 көшені қайта жаңғыртудан, күрделі және орташа жөндеуден өткізуге бағытталған. Бүгінде 95 көшеде жұмыс жүргізілуде.

Аймақ басшысы Желтоқсан көшесіндегі жылу трасса­сын жөндеу жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады. Бас мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС магистральдық жылу желілерін жаңғыртуда. Жоба құны – 787 млн теңгеге жуық.

Биыл қала көшелерін, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 12,7 млрд теңге қаралды. Бұл қаражатқа «Қорқыт Ата» әуежайының аумағын көркейту, қала, кент пен ауылдық округтердің 75 көшесіне жарық бағаналарын орнату, 59 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған. Құрылысы өткен жылы басталған 19 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы жұмысты тап-тұйнақтай аяқтау үшін 237 млн теңге бөлінген. Тағы 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңдарын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қаралды. Бұған қоса 215,8 млн теңгеге 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласы жөнделуде.

Облыс орталығына 10 замануи аялдама салу үшін 52,5 млн теңге қаралып, толығымен орнатылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде 332,6 млн теңгеге көшелерге науа тарту, орталық зиратты қоршау, көппәтерлі үйлерді абаттандыру қолға алынды. Сонымен қатар қаланы көгалдандыру үшін құрылған «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне биыл 702,2 млн теңге қаржы берілді.

Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы барлық істі сапалы атқарып, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: